+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Әділет» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабы «Есік Су құбыры» ұжымымен кездесті

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында «Әділет» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабы «Есік Су құбыры» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар елімізде өтіп жатқан сайлау науқанының ұйымдастырылуы, азаматтардың сайлау үдерісіне қатысуының маңыздылығы және алдағы саяси науқанға қатысты жалпы ақпаратпен танысты. Сондай-ақ коммуналдық қызмет саласының бүгінгі жағдайы, сумен жабдықтау жүйесін дамыту, еңбек қауіпсіздігі және сала қызметкерлерін толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында еңбек ұжымы өздерінің күнделікті жұмысында кездесетін мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салып, саланы одан әрі жетілдіруге қатысты пікірлерімен бөлісті. Әсіресе инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, техникалық жарақтандыру, мамандардың біліктілігін арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелеріне назар аударылды.

Штаб мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп, кездесуде көтерілген ұсыныстардың маңыздылығын атап өтті. Жүздесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.