+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Әділет» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабы «Вира» базарының ұжымымен кездесті

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында «Әділет» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабы «Вира» базарының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар сауда саласының өзекті мәселелері, кәсіпкерлердің еңбек жағдайы, шағын және орта бизнесті дамыту, сауда инфрақұрылымын жетілдіру және тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытындағы ұсыныстарды талқылады.

Базар қызметкерлері мен кәсіпкерлер күнделікті қызмет барысында кездесетін мәселелерді ортаға салып, санитарлық талаптарды сақтау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс процесін тиімді ұйымдастыру және кәсіпкерлік қызметті дамытуға қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Кездесу барысында қатысушылар көтерген мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстар айтылды. Жүздесу ашық диалог форматында өтіп, әрбір қатысушы өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.