+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Саймасай ауылындағы шаруа қожалығының еңбек ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясының Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабы Саймасай ауылындағы «Айдарбаев» шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті.

Жүздесуге Алматы облыстық сайлауалды штабының мүшесі Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы қатысып, еңбек жағдайы, тұрақты жұмыспен қамту, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы және отандық кәсіпорындарды қолдау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасындағы еңбек саласына қатысты негізгі ұсыныстарды таныстырды.

Бағдарламада 2031 жылға қарай кемінде 1 миллион сапалы әрі тұрақты жұмыс орнын құру көзделген. Мұндай жұмыс орындарында еңбекақы өңірдегі медианалық жалақыдан төмен болмауға, қызметкерлер толық әлеуметтік пакетпен және қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етілуге тиіс.

Сонымен қатар ресми еңбек шартынсыз жұмыс істеуге, «көлеңкелі» жалақы төлеуге және жалған жұмысқа орналастыруға жол бермеу ұсынылған. Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау үшін еңбек қатынастарына цифрлық бақылау енгізу қарастырылған.

Партия бағдарламасында ел ішінде өнім өндіріп, жаңа жұмыс орындарын ашып отырған кәсіпорындарға арнайы қолдау көрсету және жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін ұсыну да көзделген.

Кездесу барысында шаруа қожалығының қызметкерлері еңбек саласына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, партия бағдарламасындағы бастамаларды талқылады.

Жиын соңында еңбек ұжымы алдағы сайлауға белсенді қатысып, азаматтық ұстаным танытатынын жеткізді.