Әкімшілік рәсімдік – процессуалдық Кодекстің талаптары
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі (ӘРПК) — азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттік органдардың әрекеттері мен шешімдерін бақылауға және реттеуге арналған маңызды заңнамалық акт. Бұл кодекс мемлекеттік басқарудың әділетті, заманауи және тиімді моделін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілікрәсімдік-процессуалдық Кодексі — мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін маңызды заңнамалық актілердің бірі.Бұл Кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Кодекстің басты талаптарының бірі — ашықтық пен жариялылық. Яғни , әкімшілік рәсімдер азаматтар үшін түсінікті әрі қолжетімді болуы тиіс.Мемлекеттік органдар қабылдайтын кез келген шешімдер заңға сәйкес , негізделген және әділ болуы міндетті.
Екіншіден , тыңдалу құқығы . Әрбір азамат өз ісі қаралатын кезде пікір білдіруге , дәлел келтіруге, куәгер ұсынуға және заң көмегін алуға құқылы.Бұл – әділ әкімшілік шешім қабылдаудың негізгі кепілдіктерінің бірі.
Үшіншіден , әкімшілік актілердің түрлері мен заңдылығы. Кодексте жағымды (қолайлы) , шектеулі және бейтарап әкімшілік актілердің нақты анықтамалары берілген. Олар әділ және бейтарап негізде қабылдануы тиіс . Сондай-ақ , Кодексте дауларды сотқа дейін шешу тетіктері қарастырылған.Азамат пен орган арасында келіспеушілік туындаса , ең алдымен, шағым беру арқылы шешуге мүмкіндік бар.Бұл мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыруға бағытталған.
Қорытындылай келе, Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодекс — заманауи құқықтық мемлекет құрудағы маңызды құрал. Ол азаматтардың мүдделерін қорғауға, әділдікті орнатуға және мемлекеттік органдардың ашық жұмыс істеуіне негіз болады.
Еңбекшіқазақ аудандық
СЭББ басшысы М.Азербаев
