+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығыүшін аса құнды тағам болып табылады. Оныңқұрамындағы ақуыздың биологиялық құндылығыет өнімдерінен де жоғары. Сонымен қатар Омега-3 қанықпаған май қышқылдары жүрек-қантамыржүйесінің қызметін жақсартады, дәрумендер мен микроэлементтер (йод, фосфор, селен, мырыш) ағзаның иммундық жүйесін нығайтады.

Қазақстан үшін балық өнімдерінің қауіпсіздігітек денсаулық сақтау саласы ғана емес, соныменқатар азық-түлік қауіпсіздігі мен экспорттықәлеуетті арттыру тұрғысынан да өзекті мәселеболып табылады.

Қауіпсіздікке әсер ететін факторлар

1. Микробиологиялық

Сальмонелла spp. – өткір ішек инфекцияларынтудырады;

Listeria monocytogenes – салқындатылған жәневакуумдық қаптамадағы өнімдерде дамиды;

Clostridium botulinum – дұрыс сақталмағантұздалған, ысталған өнімдерде ботулизм қаупінтуғызады.

2. Паразитологиялық

Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарындаописторхоз, дифиллоботриоз, клонорхоз кеңтаралған. Бұл аурулар көбіне жеткіліксізмұздатылған немесе шикі өзен балығын тұтынғанкезде жұғады.

3. Химиялық

Ауыр металдар: сынап (Hg), қорғасын (Pb), кадмий (Cd) – жүйке жүйесіне, бауырға, бүйрекке уыттыәсер етеді;

Пестицидтер мен антибиотик қалдықтары – өндірістік және ветеринарлық бақылаудыңжеткіліксіздігін көрсетеді;

Диоксиндер мен полихлорланған бифенилдер(ПХБ) – ұзақ сақталатын улы заттар, балықмайында жиналуы мүмкін.

4. Физикалық

Бөгде заттардың (шыны, металл, пластик сынықтары) өнімге түсуі өндірістік гигиенаныңбұзылуының белгісі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаужүйесі

Қазақстанда балық өнімдерінің қауіпсіздігінқамтамасыз ету Қазақстан Республикасының«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялықсаламаттылығы туралы» Кодексіне (2020 ж.) сәйкес жүргізіледі.

Негізгі бақылау шаралары:

Өндіріс орындары мен сауда объектілерінжоспарлы тексеру (ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығы).

Зертханалық бақылау:

❖ микробиологиялық – патогендімикроорганизмдер;

❖ паразитологиялық – гельминттер мен олардыңличинкалары;

❖ химиялық – ауыр металдар, антибиотиктер, пестицидтер;

❖ радиологиялық – радионуклидтердіңшоғырлануы.

ХАССП жүйесін енгізу – қауіпті факторлардыталдау және сыни бақылау нүктелерін басқару(Codex Alimentarius халықаралық стандартынасәйкес).

Таңбалау – өнімнің атауы, шыққан жері, өндіруші, өндірілген күні, жарамдылық мерзіміжәне сақтау шарттары міндетті түрде көрсетілуітиіс.

Эпидемиологиялық қауіптер

❖ Ботулизм – үй жағдайында дайындалғантұздалған немесе ысталған балықты тұтынудантуындайтын ауыр ауру.

❖ Описторхоз – Қазақстанда тіркелетін ең кеңтаралған паразитоздардың бірі.

❖ Ішек инфекциялары – санитариялықталаптарды сақтамаған кезде қоғамдықтамақтану орындарында жиі кездеседі.

Тұтынушыларға арналған санитариялық кеңестер

1. Балықты тек ресми сауда орындарынан сатыпалу.

2. Өнімнің қаптамасы мен таңбалануына назараудару.

3. Шикі өзен балығын мүлде тұтынбау.

4. Балықты кемінде +70°С температурада толықпісіру.

5. Мұздатылған өнімді қайта мұздатпау.

6. Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау.

7. Үй жағдайында консервілеуден бас тарту немесетехнологияны қатаң сақтау.

Балық өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – көп қырлы мәселе. Ол:

❖ өндірушілердің жауапкершілігін,

❖ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялыққадағалауды,

❖ тұтынушылардың сауаттылығы мен сақтығынталап етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес, әрбір өнім тұтынушыға жеткізілгенге дейінсанитариялық-эпидемиологиялық сараптамаданөтуі тиіс. Бұл шаралар халық денсаулығын қорғапқана қоймай, отандық балық шаруашылығыөнімдерінің халықаралық нарықтағы бәсекегеқабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысы М.Азербаев