+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Тұмауға қарсы вакцинация — ең тиімді қорғаныс.

      Тұмау ауа — тамшылы және қарым-қатынас арқылы берілетін өте жұқпалы ауру. Тұмаудың қоздырғышы –ортомиксовирустар, олардың 3 типі бар А,В,С. Аурдың инкубациялық кезеңі: 12 ден 48 сағатқа дейін созылады (сирек жағдайда 3 күнге дейін). 

    Тұмаудың негізгі белгілеріне: басталуы жіті, кенеттен пайда болатын қалтырау, дене қызуы+39+40С0 градусқа дейін жетуі мүмкін. Толқын тәрізді қызба, жалпы әлсіздік, тершеңдік, мазасыздық (ұйқының бұзылуы), тәбеттің төмендеуі. Кейіннен көздің ауруы, жарыққа қарай алмау, маңдай тұсындағы бастың қақсап ауруы, бұлшық еттердің қақсап ауруы, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, түшкіру мен дауыстың отырып қалуы пайда болуы мүмкін. Тұмаудың негізі қауіпі -ол аурудан болатын асқынулар (бактериалды өкпе қабынулары, ринит, синусит, бронхит, құлақтың қабынуы, жүрек-қан тамырлары жүйесінің асқынуы). Сонымен қатар, тұмау адам ағзасында созылмалы аурулардың асқынуына әкелуі мүмкін.

       Дүниежүзілік денсаулық сақту ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен жершарының әр бір 3 ші тұрғыны ауырады. Ал біздің елде инфекцияның осы түрімен жыл сайын 600 мыңнан 1 миллионнан  астамға дейін  адам ауырады, оның ішінде 70-80 мыңдайы орташа ауыр не болмаса ауыр жағдайда медициналық көмекке жүгінеді. 

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысына сәйкес,эпидемиологиялық көрсетілімдер бойыншажүргізілетін міндетті профилактикалық екпелердің қатарына «тұмауға» қарсы вакцинация жатады. Жыл сайын тұмаудың эпидемиологиялық маусымы алдында келесі санаттағы тұрғындарды тұмауға қарсы егу жүргізіледі:

— медицина қызметкерлері;

— денсаулығының жағдайы бойынша қатер топтарына жататын адамдар, оның ішінде: медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар;

— балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті;

-және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша басқа да тұрғындар.

      Егу науқаны кезінде біздің елдің 10 нан 14 пайызға дейінгі тұрғыны осы вакцинаны қабылдайды. Бүгінгі күні тұмауға қарсы вакцина жер бетіндегі 59 пайыз елдердің Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген. 

    Тұмауға қарсы егуге қолданылатын вакцина дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мақұлданған, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігімен тексеруден өткен жәнетіркелген.       

    Бүгінгі күні тұмауға қарсы вакцинаны қабылдау аурудан болатын асқынулар мен аурудың ауыр түріне өтуінен сақтанудың жолы саналады.       

Еңбекшіқазақ аудандық 

СЭББ басшысы М.Азербаев