
Алкоголизмнің алдын алу – әр адамның өз қолында!
Алкогольге тәуелділік – адамның денсаулығына, отбасына, қоғамдағы беделіне және болашағына кері әсерін тигізетін зиянды әдет.
Салауатты өмір салтын ұстану – өзіңе және жақындарыңа деген қамқорлықтың белгісі. Бос уақытыңызды спортпен шұғылдануға, кітап оқуға, шығармашылықпен айналысуға және пайдалы істерге арнаңыз.
Өз денсаулығыңызды бағалап, дұрыс таңдау жасаңыз! Жарқын болашақ – бүгінгі саналы шешімнен басталады.
Алкогольге – жоқ! Салауатты өмір салтына – иә!
