+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

МЕНШІК ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Меншікті қорғау – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Өз мүлкіңіздің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – ұрлық, алаяқтық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді тәсілі.

Құрметті азаматтар!

Тұрғын үйді, автокөлікті және жеке мүлікті қараусыз қалдырмаңыз. Үйден шығар кезде есік-терезелердің толық жабылғанына көз жеткізіңіз. Автокөлікті қауіпсіз әрі жарықтандырылған орындарға қойып, салонда бағалы заттарды қалдырмаңыз.

Егер күдікті жағдайға тап болсаңыз немесе құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, тиісті құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарласыңыз. Азаматтардың қырағылығы мен жауапкершілігі – құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор ықпал етеді.

Меншік қауіпсіздігі – өзіңізден басталады!
Қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы өз мүлкіңізді ғана емес, жақындарыңыздың қауіпсіздігін де қорғайсыз.

Заңды сақтау, тәртіпті сақтау және қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың міндеті!