+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Алтын Адам мектебінде Жолдау талқыланды

Бүгін Есік қаласындағы «Алтын Адам» мектебінің ұжымымен кездесу өткізіліп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.

Кездесу барысында Жолдауда көтерілген білім беру жүйесін жетілдіру, цифрландыруды дамыту, жасанды интеллект технологияларын енгізу, адами капиталды нығайту және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты міндеттерге назар аударылды.

Сонымен қатар Жолдауда белгіленген басым бағыттарды жүзеге асырудағы білім беру саласы өкілдерінің рөлі туралы пікір алмастық.

Кездесу ашық форматта өтіп, мектеп ұжымы өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.