
Аудан әкімі Талғат Байеділовтің құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен
құттықтаймын!
Бұл мереке – татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен түсіністіктің айқын көрінісі.
Көпэтносты еліміздің басты байлығы – халқымыздың бірлігі мен ынтымағы. Осындай
береке-бірліктің арқасында еліміз өсіп-өркендеп, дамудың даңғыл жолына түсті.
Біздің ауданымызда да түрлі этнос пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ортақ
мақсат жолында еңбек етуде. Бұл – бәрімізге ортақ жетістік, ортақ мақтаныш. Осы айтулы
күні сіздерге зор денсаулық, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке тілеймін.
Бірлігіміз бекем болып, ынтымағымыз ажырамасын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мереке құтты болсын!
