
«Ауылым – алтын бесігім»: Еңбекшіқазақ ауданында мәдениет күндері өтті
Еңбекшіқазақ ауданында «Ауылым – алтын бесігім» атты аудан, қала мәдениет күндері аясында мерекелік шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ауданның мәдени әлеуетін таныстыру, ұлттық өнер мен салт-дәстүрді дәріптеу, рухани құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру.
Мерекелік бағдарлама барысында ауданның мәдени тыныс-тіршілігі кеңінен таныстырылып, өнерпаздардың шығармашылығы мен ұлттық мұраларымызға айрықша назар аударылды. Шара аясында халқымыздың бай мәдениеті мен дәстүр сабақтастығын насихаттауға мүмкіндік туды.
«Ауылым – алтын бесігім» атты мәдени күндер – туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға, өнер мен мәдениеттің өркендеуіне жол ашатын маңызды бастама.
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, рухани мұрамыз жаңғыра берсін! Өнеріміз өркендеп, мәдениетіміз мәңгі жасай берсін!
