
Балтабайдағы этномәдени орталық өкілдері дауыс берді
Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Балтабай ауылдық округінде Құрылтай сайлауы ұйымшылдықпен өтіп жатыр. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға түрлі этнос өкілдері де белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.
Сайлау учаскесіне Күрт этномәдени орталығының өкілдері арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ауыл тұрғындарының сайлауға белсенді қатысуы – қоғамдық келісім мен өзара сыйластықтың жарқын көрінісі.
Күрт этномәдени орталығы өкілдерінің сайлауға бірге келіп, азаматтық міндеттерін орындауы ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын аңғартты.
Балтабай ауылдық округіндегі бүгінгі саяси науқан – бірлік пен татулықты ту еткен ел тұрғындарының ортақ іске белсенді атсалысып отырғанын көрсетті.
