
Рахаттағы көршілер сайлауға бірге келді
Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Рахат ауылдық округіндегі №200 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауы белсенділікпен өтіп жатыр.
Сайлау учаскесіне СУ тұрғындары – көршілер бірлесе келіп, өз таңдауларын жасады. Бірге келіп, азаматтық міндеттерін атқарған тұрғындардың бұл бастамасы ауылдағы ұйымшылдық пен өзара татулықтың көрінісіндей болды.
Көрші-қолаңның сайлауға бірлесе қатысуы елдік маңызы бар шараға деген жауапкершілікті аңғартады. Өз таңдауын жасауға келген тұрғындар үшін сайлау күні ортақ іске атсалысудың және азаматтық белсенділіктің маңызды сәтіне айналды.
№200 сайлау учаскесіндегі осындай көріністер Рахат ауылдық округі тұрғындарының қоғамдық өмірге белсенді араласатынын көрсетеді.
