
Цифрландыру және жасанды интеллект – ел дамуының жаңа мүмкіндіктері
Қырбалтабай бастауыш партия ұйымының мүшелерімен елдегі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттар, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы жетілдіру және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау, жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағыттарына ерекше назар аударылды.
Жиын барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Ел дамуының маңызды міндеттерін жүзеге асыруда қоғамның белсенділігі мен ортақ жауапкершіліктің маңызы атап өтілді.
