
Ел дамуының басым бағыттары және әлеуметтік-экономикалық міндеттер
Ават бастауыш партия ұйымының мүшелерімен цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту бағытында мазмұнды кездесу өткізілді.
Кездесу барысында цифрлық шешімдерді мемлекеттік басқару мен экономика салаларына енгізу, мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру, басқару жүйесін жетілдіру мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ білім беру саласын цифрландыру, оқу процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамыту және жас ұрпақтың заманауи технологияларды меңгеруіне жағдай жасау мәселелеріне тоқталды.
Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту – елдің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігі екені атап өтілді.
