Кенеге қарсы өңдеу жұмыстары туралы
Кенеге қарсы өңдеу — адамдар мен жануарларды кенеден қорғау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына зиян келтіретін кенелердің санын азайту үшін жүргізілетін шаралар кешені. Бұл шаралар санитарлық,ветеринарлық және агротехникалық салаларда қолданылады.
Кенеге қарсы өңдеудің бірнеше түрлері белгілі:
— Дезакаризация (химиялық өңдеу). Кенелерді жою үшін арнайы инсектицид-дезакарицидтер (кенеге қарсы препараттар) қолданылады. Бұл заттар спрей, тұман немесе сұйық ерітінді түрінде қолданылады. Өңду киімге, үй-жағдайларға немесе табиғи аумақтарға жүргізіледі.
— Биологиялық әдіс. Табиғи жауларын пайдалану (мысалы, кейбір жыртқыш жәндіктер немесе саңырауқұлақтар). Адам үшін зиянсыз микробиологиялық агенттер қолдану.
— Агротехникалық және профилактикалық шаралар. Шөпті уақытылы шабу, мал бағылатын жерлерде тазалық сақтау, адамдар кенеге қарсы киім киіп, репелент қолдану.
— Үй жануарлары мен ауылшаруашылық малдарды кенеге қарсы арнайы құралдармен өңдеуді.
Түрлі жұқпалы ауруларды тасымалдаушы кенелер табиғатта сәуiр айынан қазан айына дейiн кездеседi, бiрақ ең қауiптi кезең – мамыр, маусым айлары. Өйткенi кененiң көбейетiн кезi – осы уақыт. Кенелер әдетте шөптің басынан, ағаштың төмендегі бұтақтарына шығып, сол жерде адамның денесіне жабысады, сол сияқты кене адамның үйіне шөп, ағаш бұталары мен гүл шоқтарымен, үй жануарлары мен ауылшаруашылық малдың үстіне iлесiп те келедi.
Еліміздің аумағындағы кенеге қарсы өңдеу жұмыстары әдетте кенелер тасымалдаушы болатын түрлі аса қауіпті және жұқпалы аурулардың (Конго-Қырым гемморрагиялық қызбасы, кене энцефалиті, туляремия т.б.) табиғи ошақтарында және қолайсыз аумақтарда жүргізіледі.
Біздің ауданда кене энцефалитін тасымалдаушы кененің «Ixodes persulcatus» түрі тіршілік етеді. Кененің осы түрі тіршілік ететін аумақтар кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақ болып табылып, жыл сайын сәуір, маусым айларында иксод кенелеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Өңдеу жұмыстарын ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ мен РМК Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығының арнайы дайындықтан өткен, маман-дезинфекторлармен, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинсекциялық құралдармен жүргізіледі.
Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының оңтайлы нәтижесіне қол жеткізу мақсатында ауданда ағымдағы 2026 жылы өңдеу 2 кезеңмен (тур) 269,6 гектар аумақта жүзеге асырылады. Атап айтсақ, 1 ші кезең 25 наурыз бен 08 сәуір аралығында, 2 ші тур 20 мамыр мен 03 маусым күндері аралығына жүргізіліп, аяқталды.
Аудандағы кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілетін аумақтарда (Есік қаласы, Өрікті, Рахат, Қайназар, Азат, Төле би, Алмалы, Түрген, Таутүрген, Бірлік ,Балтабай, Ават, Қаракемер, Бөлек, Қарасай, Талдыбұлақ, Бәйдібек би, Шелек, Қорам ауылдары) арнайы ескертпе тақтайшалары орнатылады.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтар! – кенге қарсы өңдеу жүргізілгені туралы ескертпе тақтайшалар орнатылған аумақтарда 3 күнге дейін адамдарға серуенге шығуға, ауылшаруашылық жануарларды жайлымға 45 күнге дейін шығаруға тиым салынатындығын ескертеміз.
Еңбекшіқазақ аудандық СЭЭБ
басшысы М.Азербаев
