Балалардың жазғы сауықтыру объектілерінеқойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкесбалалардың жазғы сауықтыру объектілері «эпидемиялық мәні жоғары объектілер» қатарына жатады.
«Рұқсаттар мен хабарларамалар туралы» 2014 жылығы 16 мамырдағы №202-V ҚРЗ Заңның 17 бабына сәйкес «жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда көрсетілген рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабараламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 19 бабына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы «рұқсат құжатқа»эпидемиологиялық мәні жоғары объектінің санитариялық эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтік актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы саналады., сәйкесінше балалардың жазғы сауықтыру объектілері меншік иелеріне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны өз жұмысын бастамас бұрын алуы қажет.
Балалардың жазғы сауықтыру объектілерінің жұмысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес ұйымдастырылып, жүргізіледі.
Балалар сауықтыру ұйымында жазғы сауықтыру маусымының ашылуы алдында жөндеу- қалпына келтіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып жүргізіледі, атап айтсақ:
— корпустарды жөндеу жұмыстары, инженерлік желілердің, желдету және ауаны баптау жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру, ауыз суды зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық жуу және дезинфекциялау, аумақты тазалау және абаттандыру, қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық құралдарды қолдана отырып, профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу жатады.
Объектілер учаскесіне кіру жолдары мен кіреберістер, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға жаяу жүргіншілер жолдары, тротуарлар мен пандустар қатты материалдардан жасалған, тегіс, сырғанауды болдырмайтын, тазалауға, жинауға қолжетімді және ыңғайлы жабынымен жабу көзделеді.
Объектінің аумағы, оның ішінде санитариялық-аулалық қондырғылар жарықтандырылуы тиіс. Участкенің жабдықтары (үстелдер, орындықтар, дене шынықтыру жабдығы және шағын сәулет нысандары) жарамды күйде ұсталуы тиіс.
Балаларды сауықтыру лагерьлерінде бір жатын бөлмесіндегі орындар саны бір балаға 4 шаршы метр есебінен көзделеді. Барлық үй-жайлардың төбелері, қабырғалары, еденінің беті тегіс, жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдан орындалуы қажет.
Ылғалды жұмыс режимі бар бөлмелерде қабырғалар ылғалға төзімді материалдармен қапталады. Нысан балалардың бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес жиһазбен қамтамасыз етіледі.
Балалардың объектілерде болған барлық уақыты ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.Объектілер ауыз сумен, оның ішінде нормалау құжаттарының талаптарына жауап беретін ыдыстарға құйылған (оның ішінде графиндер, шәйнектер, бөшкелер) немесе өнеркәсіптік дайындалған қапталған (ыдыстарға құйылған) ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ауыз су үшін тамақ өнімдерімен жанасуға арналған таза ыдыстар (шыны, фаянс, пластмасса, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланылады. Куллерді жуу пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес және нұсқаулықта көзделген кезеңділікпен, бірақ күнтізбелік 7 (жеті) күнде кемінде бір рет, қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үш айда бір реттен сиретпей жуып тазалау жүргізіледі. Суды тасымалдау және сақтау үшін тек тазартылған әрі дезинфекцияланған көп реттік ыдыстар қолданылады.
Объектілерде жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін жағдайлар жасалады. Қол жуу үшін араластырғыштармен, қол жууға, сүртуге және (немесе) кептіруге арналған құрылғылармен және құралдармен, қоқыс жинауға арналған урналармен жарақталған, ыстық және салқын су келтірілген қол жуу раковиналары көзделеді.
Балалардың жеке бас гигиенасын сақтауға, оның ішінде тамақтанар алдында, дәретханадан және серуеннен кейін қолды сабындап жууға қажетті жағдай жасалуы қажет.Аптасына кемінде 1 рет душта немесе моншада толық жуынуы тиіс. Әр баланың тек өзіне ғана тиесілі жеке заттарын тіс щеткасы, тарағы, жөкесі, сүлгісі және сабынын сақтауға арналған төсек жаны тумбочкасы болуы қажет, жеке заттарын басқалармен ортақ пайдалануға тыйым салынады.
Төсек-орын жабдықтары мен сүлгілер ластануына қарай, бірақ 7 күнде кемінде 1 рет (жуынғаннан кейін) міндетті түрде ауыстырылады. Кір киімдер таза киімнен бөлек (пакетте/сөмкеде) сақталуы тиіс.
Сондай-ақ лагерьдегі медициналық қызмет көрсетудідайындауды қамтамасыз ету қажет, оның ішінде: дәрі-дәрмектердің белгіленген тізбесіне сәйкес сапалы дәрілік препараттар, таңғыш материалдар, медициналық жабдықтардың болуы, сондай-ақ медициналық қызметке лицензияның болуын қамтамасыз ету, балалардың сырқаттанушылығын төмендетуге және денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын әзірленуі қажет.
Балалардың денсаулық жағдайы туралы құжат және жұқпалы аурулармен байланысының жоқтығы туралы анықтама болған кезде балаларды сауықтыру ұйымдарына қабылдау жүргізіледі.
ҚР ДСМ «Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44бұйрығының 9 параграфына сәйкес кене энцефалитінің табиғи ошақ аймағындағы балалар мен ересектерге арналған демалыс ұйымдары және объектілері кенеден тазартылған эпидемиологиялық қолайлы аумақтарға немесе учаскелерге орналастырылады. Табиғи ошақтары аймақтарында (немесе тәуекел аймақтарда) орналасқан, қала сыртындағы жазғы сауықтыру ұйымдардың басшылары оларды ашу алдында келесі шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді:
1) объектінің аумағын және іргелес аумақты демалушылар келер алдында тазалауды және абаттандыруды;
2) ағаштарды және бұталарды санитариялық кесуді, қурағанағаштар мен шырпыларды алып тастауды, жабайы шөптердішабуды, тұрмыстық, құрылыс қалдықтары және өсімдік үйінділерін жоюды, тұратын және қосалқы үй-жайларға, су көздеріне, демалу орындарына, спорт алаңдарына апаратын орман жолдарын тазалауды және кеңейтуді;
3) барлық маусым бойында объектіні абаттандырылған, тазажағдайда ұстауды;
4) туристік маршруттар болғанда жүру жолдарын кемінде 50 м. қашықтықта екі жағын қураған ағаштар мен шырпыдан тазалауды;
5) объект аумағына үй жануарларын жібермеуді;
6) дератизациялауды жүргізеді.
Жазғы демалыс кезіндегі балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы аурулардың және жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында балалардың сауықтыру лагерьлерінде ҚР ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалардың орындалуын қамтамасыз ету қажет, оның ішінде:
— ас блогында технологиялық процестердің реттілігі көзделеді, шикі және дайын өнімнің, пайдаланылған және таза ыдыстың қарсы ағындарына жол берілмеуін;
— тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдаудыолардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған кезде жүзеге асыруды;
-тыйым салынған өнімдерді дайындауға және пайдалануға жол берілмеуін.
Объектілерде персоналға жеке гигиена ережелерін сақтау үшін жағдайлар жасалады. Қызметкерлер арнайы киіммен қамтамасыз етіледі. Арнайы киімді ауыстыру күн сайын және ластануына қарай жүзеге асырылады.
Жазғы маусым қарсаңында балалардың сапалы әрі қауіпсіз демалсын қатамасыз етуге елімізде ерекше назар аударылуда. Оның маңызды қүрамдас бөлігінің бірі –толыққанды және теңгерімді тамақтану.
СЭБК ҚР оқу ағарту министрілігінің сұранысы бойынша қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп, маусымдық балалары сауықтыру ұйымдарына арналған үлгілік перспективалық мәзірдің екі нұсқасын әзірлеген. «Үлгілік мәзірлер» ҚР ДСМ 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚРДСМ 302/2020 бұйрығымен бекітілген Тамақтану стандарттарының талаптарына сәйкес дайындалды және ұсынымдық сипатқа ие. Тамақтану стандарттарына сәйкес үлгілік мәзірді өзгеріссіз пайдалануға, сондай ақ белгіленген талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, өңірлік ерешеліктер мен білім алушылардың және олардың заңды өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып түзетулер енгізуге жол беріледі.
Балалардың денсаулығы дұрыс теңдестірілген тамақтанумен, дұрыс ұйқы, дене шынықтыру және дұрыс ұйымдастырылған күнделікті күн тәртібіне тікелей байланысты.
Балалардың қарапайым өмірлік дағдыларын, соның ішінде жеке бас гигиенасын сақтауды, қауіпсіз және пайдалы демалысты қамтамасыз ету өте маңызды.
Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ
басшысының орынбасары Д.Бақберген
