Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция және дератизация жөніндегі мемлекеттік қызметтер туралы
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес –«дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын объектілері» — эпидемиялық мәні жоғары объектілер тізіміне кіреді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінің (әрі қарай Кодекс)19-шы бабына сәйкес- денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаттары болып: «эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды» табылады.
Кодекстің 20-шы бабына сәйкес — санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшесі береді.
Мемлекеттік қызметтің бұл түрі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы (әрі қарай –Бұйрық) негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері — «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы арқылы;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – нысанға қорытынды беру 13 (он үүүш) жұмыс күнді құрайды.
Мемлекеттік қызмет — тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін.
2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
— Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
-Бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес тәуелсіз аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі.
— Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты (2023 жылдың 1 шілдесіне дейін объектінің техникалық паспорты).
Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
— Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
-Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Бұйрықтағы белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
-Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
— Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
-Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – нысанның санитариялық –эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады.
Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ
басшысы М.Азербаев
