+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Денсаулық

Автожанармай құю және автогаз құю станцияларына қойылатын санитарлық талаптар

        Қазіргі таңда автокөлік санының артуынабайланысты автожанармай құю станциялары (әрі қарай АҚС) мен автогаз құю станцияларының (әрі қарай АГҚС) маңызы күн сайын артып келеді. Бұл нысандар халыққа қажетті қызмет көрсетумен қатар, қоршаған орта мен адам денсаулығына белгілі бір қауіп төндіруі мүмкін объектілер қатарына жатады. Сондықтан мұндайнысандарды жобалау, орналастыру және пайдаланубарысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардысақтау аса маңызды.

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы №ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (әрі қарай Бұйрық) бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес АҚС, АГҚС нысандарының, санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу, атмосфералық ауа мен қоршаған ортаны қорғау талаптары қарастырылған.

        Санитариялық-қорғау аймағының (әрі қарай СҚА) мақсаты — атмосфералық ауаға бөлінетін зиянды заттардың, шу мен дірілдің тұрғын аймақтарға әсерін азайту. Бұйрыққа сәйкес, жанармай құю станциялары IV қауіптілік класына жататындықтан елді мекендер аумағынан СҚА 100м қашықтықта орналастырылуықажет.

       Станция аумағы қатты жабынмен жабдықталып, абаттандырылуы және көгалдандырылуы тиіс. Мұнай өнімдерінің топыраққа, жер асты және жерүсті суларына түсуіне жол бермеу үшін табиғи (жаңбыр, қар т.б.) және өндірістік ағын суларды бұру жүйелері қарастырылуы қажет. Автогаз құю станцияларында газдың шығуын анықтайтын бақылау жүйелері, авариялық ажырату құрылғылары және желдету жүйелері қарастырылуы қажет. Бұл талаптар өрт және жарылыс қаупінің алдын алуға бағытталған. Нысандар өрт сөндіру құралдарымен, қауіпсіздік белгілерімен және алғашқы көмек көрсету құралдарымен қамтамасыз етіледі.

       Қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайлары жасалып, персонал арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Қызметкерлерге арналған тұрмыстық бөлмелер мен санитариялық тораптары және қол жуу орындары болуы қажет. Сонымен бірге олар алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өтуге міндетті.

       Автожанармай және автогаз құю станцияларында өндірістік бақылау жүргізу маңызды болып табылады. Атмосфералық ауа сапасына, шу деңгейіне және өндірістік факторларға зертханалық бақылау жүргізіліп, нәтижелері санитариялық нормаларға сәйкес болуы қажет.

     Санитариялық талаптарды сақтау — халық денсаулығын қорғаудың, қоршаған ортаның ластануын болдырмаудың және төтенше жағдайлардың алдын алудың маңызды шарасы болып табылады. 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген