Тағамөнімініңтаңбалауындакөрсетілетінмәліметтердібіліпжүріңіз
Тағам өнімдерінің таңбалануы — тұтынушыларға өнім туралы толық әрі нақтыақпарат берудің маңызды құралы. Таңбалауталаптарын сақтау өнімнің қауіпсіздігінқамтамасыз етуге, тұтынушы құқығын қорғауғажәне сапаны бақылауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының техникалықрегламенттері мен санитариялық талаптарынасәйкес, тағам өнімінің қаптамасында немесежапсырмасында төмендегі мәліметтер міндеттітүрде көрсетілуі тиіс:
1. Өнімнің атауы
Өнімнің нақты атауы оның түрін, құрамынжәне ерекшелігін дұрыс сипаттауы қажет. Атауытұтынушыны жаңылыстырмайтындай анық әрітүсінікті болуы тиіс.
2. Өндіруші туралы ақпарат
Таңбалауда өнімді өндіруші ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері көрсетіледі. Бұл мәліметтер тұтынушыға қажет жағдайдаөндірушімен байланысуға мүмкіндік береді.
3. Құрамы
Өнім құрамындағы барлық ингредиенттеролардың мөлшеріне қарай кему ретімен жазылады. Сонымен қатар, аллергия тудыруы мүмкінкомпоненттер ерекше белгіленуі тиіс.
4. Тағамдық және энергетикалық құндылығы
Таңбалауда өнімнің ақуыз, май, көмірсумөлшері мен энергетикалық құндылығы(калориясы) көрсетіледі. Бұл ақпарат дұрыстамақтану тәртібін сақтауға көмектеседі.
5. Өндірілген күні және жарамдылық мерзімі
Әрбір тағам өнімінде өндірілген күні мен соңғыпайдалану мерзімі нақты жазылуы қажет. Мерзіміөтіп кеткен өнімді тұтыну адам денсаулығына қауіптөндіруі мүмкін.
6. Сақтау шарттары
Өнімді қандай температурада және қандайжағдайда сақтау керектігі көрсетіледі. Бұлталаптарды сақтау өнім сапасының бұзылмауынаәсер етеді.
7. Өнімнің массасы немесе көлемі
Қаптамада өнімнің таза салмағы, көлемі немесесаны жазылады. Бұл тұтынушыға өнім мөлшерінанықтауға мүмкіндік береді.
8. Стандарт немесе техникалық құжат
Кейбір өнімдерде олардың қандай стандартқанемесе техникалық шартқа сәйкес өндірілгенікөрсетіледі.
9. Қолдану тәсілі
Егер өнім арнайы дайындықты қажет етсе, оны пайдалану немесе дайындау жөніндегі нұсқаулықберіледі.
10. Арнайы белгілер
Қажет болған жағдайда өнімнің құрамындагенетикалық түрлендірілген компоненттердің бар-жоғы, халал белгісі немесе өзге де арнайы ақпараткөрсетіледі.
Тағам өнімінің таңбалануы — өнім сапасы мен қауіпсіздігінің маңызды көрсеткіші. Тұтынушыларөнімді сатып алар алдында оның таңбалануындағымәліметтермен мұқият танысуы қажет. Бұлденсаулықты сақтауға, сапалы әрі қауіпсіз өнімтаңдауға мүмкіндік береді.
Еңбекшіқазақ санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
санитариялық-гигиеналық
бақылау, техникалық регламенттер
талаптарының сақталуын
бақылау бөлімінің
