Мектеп асханаларында тамақтануды ұйымдастырудың негізгі ережелері
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:
— адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
— осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
— адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.
Білім беру объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығы «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен реттеледі.
Мектеп асханаларына төмендегідей санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қойылады.
1) Асхана үй-жайларына қойылатын талаптар:
-мектеп асханасының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының болуы;
-үздіксіз орталықтандырылған салқын және ыстық сумен жабдықталуы;
-кәріз жүйелерінің болуы, жарық, жылумен, желдетумен қамтамасыз етілуі;
-ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесінің болуы;
-жылу және ылғал бөлу жабдықтарының үстінде сыртқа тарту шатырлары орнатылуы;
-технологиялық процесс ағындылығын сақтау үшін қажетті үй-жайлар мен құрал-жабдықтардың, тоңазытқыштардың жеткілікті болуы;
-асхана қоймасының болуы.
2) Асхана тазалығына қойылатын талаптар:
— күнделікті ылғалды тазалау және дезинфекциялаудың жүргізілуі;
-жәндік, кенелер мен кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизация және дезинсекциялық іс-шаралар атқарылуы;
-асхана қызметкерлерінің медициналық байқаудан өткендігі туралы жеке медициналық кітапшаларының болуы;
-дене қызуы көтерілген, жарақаттары бар жұқпалы аурулармен қарым-қатынаста болған қызметкерлерді жұмыс орнынан шеттету;
— қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раковиналар, қол жууға және құрғатуға арналған құралдар-жабдықтардың жеткілікті болуы;
3) Сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру:
– асхана қоймасына тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаттарын сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарымен ғана қабылдау;
— мекеме басшысы тарапынан бекітілген перспективалық ас мәзіріне сәйкес күнделікті асханада тамақтың дайындалуы;
— медициналық қызметкер немесе жауапты маман тарапынан дайындалған тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізу;
-бракеражды комиссиясының қызметін белсендендіру: комиссия құрамына медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіледі және мектеп басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Қосымша ақпарат: -білім беру объектілерінің асханаларында рұқсат етілмейтін тағамдар дайындауға және өткізуге жол бермеу: қатық, сүзбе, айранды,туралған ет қосылған құймақтарды, флотша макаронды, зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді, кремі бар кондитерлік өнімдерді, тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье), морстар, квастарды, фритюрде қуырылған өнімдерді, шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны, күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттард, окрошканы, саңырауқұлақтарды, өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін, тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды, газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды, фаст-фудтар (гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды), ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша);
-білім беру объектілерінің асханаларында рұқсат етілмейтін азық-түліктерді пайдалануға жол бермеу: пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты, суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін, ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін, тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін, механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін, құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты, сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін, генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды, йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұны;
-күн сайын аспаз нақты ас мәзіріне сәйкес, дайындалған тамақ өнімдерінің әрбір партиясынан тәуліктік сынама іріктеледі;
4) Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар:
— мектеп асханаларында нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылады және жүргізіледі.
— Ас блогының жұмыскерлері, техникалық персонал арнайы киіммен (халат немесе шалбары бар күрте, бас киім, аяқ киім) қамтамасыз етіледі.
— Объектілердің жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шығу және дәретханаға бару алдында арнайы киімін шешеді, жұмыс басталу алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен соң және лас заттармен жанасқанда қолдарын сабынмен жуады.
— Білім беру объектілерінің асхана жұмыскерлері жұмыс басталу алдында шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды, бұйымдарды (сағаттарды, сақиналарды, білезіктерді) шешеді, тырнақтарын қысқа етіп қиады және оларды лакпен боямайды.
— Жұмыскерлердің өндірістік үй-жайларға арнайы киімсіз кіруіне және оның үстінен өзге киімді киюіне жол берілмейді. Арнайы киім жеке заттарынан бөлек сақталады.
— Шикізат пен дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларда ұсақ шыны және металл заттарды (технологиялық мүкәммалдан басқа) әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттың қалталарында жеке заттарды сақтауға жол берілмейді.
Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық –эамдкмиологиялық бақылау басқармасының орынбасары Д.Бакберген, бас маманы М.Елубай
