+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласын дамытуға қатысты айтқан пікірі өте маңызды.

Себебі елдің болашағы – білімді, білікті әрі өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алатын жас ұрпақтың қолында. Балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

Елімізде 1483 балабақшаның ашылып, 1342 заманауи мектептің салынуы – осы бағыттағы нақты жұмыстардың нәтижесі. Бұл бастамалар балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуына, білім беру ұйымдарының қолжетімді болуына және жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Бүгінде білімге салынған инвестиция – болашаққа салынған инвестиция. Жастарға қажетті жағдай жасалып, олардың қабілеті мен әлеуетін дамытуға басымдық берілсе, еліміздің бәсекеге қабілеттілігі де арта түседі. Сондықтан білім беру саласын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасын табуы керек.

Қайратұлы Нұртас Мәдениет саласының қызметкері