+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білім алуға бөлінген гранттар туралы айтқан мәліметтері жастар үшін үлкен мүмкіндіктердің бар екенін көрсетеді.

Соңғы жеті жылда 655 мыңнан астам білім грантының бөлінуі – жас азаматтардың кәсіби мамандық игеруіне жол ашатын маңызды қадам. Бұл ретте гранттардың жалпы құны 1,5 триллион теңгеден асуы білім саласына көрсетіліп отырған қолдаудың ауқымын аңғартады.

Жоғары білім алу мүмкіндігі жастардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, өз білімін жетілдіріп, болашақ мамандығын таңдауға ұмтылуына ықпал етеді. Әсіресе, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру жас буынның кәсіби қалыптасуына және ел экономикасының дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді.

Ең бастысы, жастарға берілген мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет. Білім гранты – тек диплом алудың жолы емес, ол сапалы білім алып, білікті маман атануға берілген мүмкіндік. Сондықтан жастарды білімге ұмтылуға, ізденуге және алған білімін ел игілігіне жұмсауға шақырамын.

Әбілдә Нұрлан Сәрсенбайұлы  Блогер