+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Қолбар Балнұр мен Қолбар Айзере – спорттағы табандылық пен жеңіске деген жігердің жарқын үлгісі.

«Сатай қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің оқушылары таеквондо WT спорт түрінен жасөспірімдер мен балалар арасында өткен «ARYSTAN» кәсіпқой спорт клубының ашық турнирінде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Тартысты бәсекеде бақ сынаған жас спортшылар өздерінің шеберлігі мен қайсарлығын танытып, қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетті. Әсіресе, бір отбасының қос өрені – Қолбар Балнұр мен Қолбар Айзеренің жетістігі көпшілікті қуантты.

Атап айтқанда, 10–11 жас аралығында 36 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қолбар Балнұр қарсыластарының бәрінен басым түсіп, І орынды иеленді. Жас спортшы алтын медальмен және арнайы дипломмен марапатталды.

Ал оның апалы-сіңлілі серігі Қолбар Айзере де жарыста табандылық пен жігер танытып, 10–11 жас аралығындағы 28 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынға қол жеткізді. Ол күміс медаль мен дипломды қанжығасына байлады.

Бұл жеңістер – жас спортшылардың тынымсыз еңбегі, жүйелі дайындығы мен жеңіске деген ұмтылысының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың жетістігіне бапкерлердің кәсіби шеберлігі мен берген тәлім-тәрбиесі де зор үлес қосып отыр.

Жарысты ұйымдастырған «ARYSTAN» кәсіпқой спорт клубының президенті Б. Құттыбаев жеңімпаздарды арнайы дипломдармен және медальдармен марапаттап, жас спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Спорт – шыдамдылық пен тәртіпті, қайсарлық пен табандылықты талап ететін үлкен мектеп. Ал осындай жарыстар жас өрендердің қабілетін шыңдап, жеңіске деген сенімін арттыра түседі.

Қос спортшының жеңісі – мектеп мерейін асқақтатқан қуанышты жетістік. Бүгінгі жеңіс ертеңгі үлкен белестердің бастауы болсын! Қолбар Балнұр мен Қолбар Айзереге алдағы уақытта да толағай табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Қазақ елінің көк туын әлемдік ареналарда желбіретер чемпиондар қатарынан көріне берсін!