
ЖАҢАШАР АУЫЛЫНДА ӘКІМНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
2026 жылғы 8 қазанда Жаңашар ауылдық округінің әкімі А. Нурланов Жаңашар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, абаттандыру, жол қауіпсіздігі және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды.
Тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Округ әкімі қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды.
