
Рахат бастауыш партия ұйымында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары кеңінен сөз болды.
Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, цифрландыруды дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар Жолдауда айтылған бастамаларды жүзеге асырудағы бастауыш партия ұйымдарының рөлі мен қоғамдық белсенділіктің маңызы атап өтілді.
Кездесу соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарымен бөлісті.
