+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Жолдау міндеттері – ортақ жауапкершілік


Бөлек бастауыш партия ұйымында Жолдаудың өзекті бағыттары бойынша кездесу ұйымдастырылды.**

Жиын барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген маңызды мәселелерге тоқталып, еліміздің болашақ даму бағыттары талқыланды.

Қатысушылар экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, цифрлық технологияларды кеңінен пайдалану және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы міндеттерді қарастырды.

Сондай-ақ Жолдауда белгіленген тапсырмаларды орындауда әрбір саланың атқаратын рөлі мен жауапкершілігі сөз болды.

Кездесу өзара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар ұсыныстарын ортаға салды.