
Руханиятқа бастар жол
Елімізде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» акциясы аясында Ақши ауылдық кітапханасы мен Балтабай орта мектебінің оқушылары бірлескен іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, олардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыру және кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Шара барысында оқушылар назарына түрлі жанрдағы көркем әдебиеттер мен танымдық басылымдар ұсынылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызы, білім мен тәрбие берудегі рөлі жөнінде тағылымды ойлар ортаға салынды.
Мұндай игі шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, олардың рухани-мәдени дамуына да оң ықпал етеді.
Кітап оқитын ұлт – білімді ұрпақтың, кемел келешектің негізі.
А.НУРМУХАНОВА,
Ақши ауылының кітапханашысы.
