Сальмонеллездің алдын–алу.
Сальмонеллез — көбіне асқазан ішек жолдарын зақымдайтын, адам мен жануарларға ортақ, жиі жағдайдаазық-түлік пен су арқылы берілетін, асқазан-ішекжолдарын зақымдаумен сипатталатын, бактериалды жұқпалы ішек ауруы.
Ауру қоздырғышы – сальмонеллалар, ол суыққа өте төзімді, ұзақ қайнатқанда жойылады. Сүтте, тартылған етте, жұмыртқа ұнтағында, сальмонеллалар өміргебейімділігін сақтай отырып, көбеюге қабылетті келеді.
Адам үшін инфекцияның негізгі көзі болып –ауылшаруашылық жануарлар мен үй құстары,сальмонеллезбен ауыратын науқас адам не болмасабактерия тасымалдаушы саналады.
Инфекцияның негізгі берілу факторларына — түрлі тағам өнімдері (мал, құс еттері, балық, теңіз өнімдері -шаян, устрица), жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағы, сүт және сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, кремді өнімдер жатады. Жиі жағдайда берілу факторларың бірі — су болуы мүмкін.
Таралу жолы: ауру қоздырғышы адам ағзасына сальмонеллез қоздырғышымен ластанған және дұрыс термикалық өнделмеген тамақ өнімдерін пайдаланғанкезде не болмаса ластанған сумен түсуі мүмкін.
Аурудың белгілері: жасырын кезеңі (инкубациялық) –адам қоздырғышты жұқтырған кезден бастап аурудыңклиникалық белгілерілерінің пайда болуына дейінгімерзім 2-6 сағаттан 2-3 күнге дейінгі уақытты құрайды.
Ауру жіті басталып, бастапқы кезенде уыттанудың (интоксикация) белгілерімен өтеді, оларға бас ауруы, дене қызуы +39С0 дейін және одан да жоғары көтерілуімен,қалтырау, бас пен бұлшық еттің ауруы. Кейінен жүрек айнып, лоқсу, құсу, бірнеше рет іштің өтуі мен нәжістіңсұйықтанып патологиялық қосындылармен бірге жасыл түсті болуы байқалады. Осы белгілер болған жағдайда дереу медициналық ұйымға қаралып, мамандандырылған көмек алу қажет.
Алдын-алу шаралары: күнделікті тұрмыста әр адамжеке бас гигиенасын мен тамақты дайындау (кондитерлік,кулинарлық өнімдер, салаттар т.б.) ережесін қатаң сақтауы қажет. Дайын тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау талаптарын қатаң қадағалау.
Сальмонеллез инфекциясының алдын алуда тамақ өнімдерінің термиялық өндеу ережелерін сақтау аса маңызды, әсіресе ет, сүт және құс өнімдерін. Көкөністерді,жемістерді пайдаланар алдында таза ағынды сумен мұқиятжуу қажет. Белгісіз су көздері мен қоймаларынан, әсіресе ашық су қоймаларынан суды пайдалануға (ішуге, тамақ дайындауға, көкөністерді жуу т.б.) болмайды.
Осы ережелерді есте сақтап, орындау сальмонеллезинфекциясың алдын алудағы маңызды шаралар болып табылады.
Ішек ауруының белгілері пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралып, ем алу қажет.
Енбекшіқазақ аудандық
СЭББ басшысы М.Азербаев
