+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Денсаулық

Тағам өнімінің таңбалануында көрсетілетін мәліметтерді біліп жүріңіз 

      Таңбалау  – дегеніміз қаптамаға, тауарға және басқа да қосалқы құралдарға қондырылған мәтін, шартты белгі немесе сурет. Қарапайым сөзбен айтқанда таңбалау- мәліметтерді тұтынушыларға жеткізу, сондай-ақ тауарды сәйкестендіру болып табылады. Яғни, дұрыс таңбаланған өнім арқылы тауарды сатып алушылар, тауар туралы қажетті мәліметке ие болады.  ТаңбалауКеден одағының 022/2011 «Тамақ өнімдері олардың таңбалануы бөлігінде» регламенттері талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Яғни, дайындаушы (өндіруші) сатып алушыға тауар туралы мынадай ақпараттарды ұсынуға міндетті:

1) тауардың атауы;

           2) егер тауар сәйкестікті растау рәсіміне жататын жағдайда сәйкестік белгісін;
           3) тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы: тағамның тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер, сондай-ақ белгілі-бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер;

4) тамақ өнімдеріне қатысты – құрамы, мөлшері (салмағы), дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары (температуралық режимі) туралы мәліметтер;
           5) тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзалардан тұратын немесе солардан алынған компоненттердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер. ГТА болған жағдайда, заттаңбада жеке сөйлеммен «Бұл өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар бар» деп көрсетілуі тиіс;

6) егер тауарлардың ерекшелігіне байланысты талап етілсе, тамақ өнімдерін дайындау бойынша ұсынымдар;

7) тауардың шыққан елі;

8) тауардың сатып алу құны мен шарттары;

9) кепілдік мерзімнің болуы немесе болмауы;

10) дайындаушының сауда белгісі;

11) тауардың дайындалған күні мен орны, жарамдылық мерзімі мен (немесе) сақтау мерзімі;

12) сатушының (дайындаушының, орындаушының) атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері (заңды мекенжайы), тұтынушыдан шағымдар қабылдауға және тауарды жөндеуге және оған техникалық қызмет көрсетуге сатушы (дайындаушы) уәкілеттік берген жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің) орналасқан жері;
13) тауар массасының шамасы (нетто), көлемі, саны және (немесе) жиынтықталымы;
14) тауардың міндеті және оны тиімді, әрі қауіпсіз қолданылу жағдайлары туралы мәліметтер;
15) Кеден одағы нарығындағы (ЕАО) өнім айналымының бірыңғай белгісі.
          Бұл ретте, есіңізге сақтаңыз осы ақпараттың барлығы міндетті түрде кем дегенде екі тілде- қазақ және орыс тілдерінде болуы керек. Басқа тілдерде – сатушының немесе өндірушінің қарауына қарай. Жазбада осы тілдердің біреуіндегі жазбаның болмауы өрескел бұзушылық болып табылады.

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген