
Сөз құдіреті, тіл дамыту – басты назарда
Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» деген тақырыпта ауқымды іс-шара өткізілді.
Бұл шараны ұйымдастырып, өткізу облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен, басқарма басшысы Салтанат Беспаеваның сараптама баяндамасымен басталған. Бұған дейін іс-шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері, тіл саласының мамандары, этномәдени бірлестіктер мүшелері қазақтың біртуар лирик ақыны Т.Молдағалиев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, аудан, қала музейлері жәдігерлерімен, жас өнертапқыштар шығармашылығымен танысқан болатын. «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» жобасы облыс орталығында басталып, аудан орталығында жалғасын табуда.
Өткізілген іс-шара жайындағы толыққанды мақала жарық көретіні жоспарымызда.
Өз тілшіміз.
