
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес-ортақ міндет!
2026 жылғы 4 қарашада Ташкенсаз ауылдық округінде Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес-ортақ міндет!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру. Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның қоғам мен отбасы өміріне тигізетін кері әсері, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда көмекке жүгіну жолдары туралы айтылды.
Шараға қатысушылар отбасыдағы сыйластық, өзара түсіністік пен мейірімділіктің маңыздылығын атап өтіп, зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру қажеттігін жеткізді
Іс-шараның спикерлері:
- Еңбекшіқазақ ауданы Аналар кеңесінің төрағасы — Роза Омарқызы Исатаева;
- Еңбекшіқазақ ауданы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары — Гүлнар Төлеуқызы Байтукенова.
