+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Абыройлы міндет, адал еңбек

Полиция бөлімінде болған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы кезекші бөлімнің қызметкерлері бірінші болып біледі.  Сондықтан да  жедел іс-шараларды одан әрі өткізу туралы шешім қабылдайтындар да осы – кезекші полиция қызметкерлері.  Бұл аса жауапты бөлімде ең тәжірибелі полицейлер қызмет атқарады.  Солардың бірі – Шелек полиция бөлімінің кезекші бөлімшесінің жедел кезекшісі, полиция майоры Азамат Жұмағұлұлы.

Шелек полиция бөлімінің жедел кезекшісі, полиция майоры Азамат Жұмағұл 1991 жылы осы ауылда өмірге келген. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінен 2009 жылы түлеп ұшқаннан соң, әскери алғашқы дайындық пәні бойынша мамандықты игеріп шығады. 2013 жылы қазіргі Қонаев қаласында 32363-әскери бөліміне десанттық шабуылдаушы бригадасында әскерге шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеп келеді. Одан кейін Ішкі істер минстрлігінің ішкі істер отрядына қызметке алынып, алғашқы офицер шені – лейтенант атағына ие болады. Еңбек жолын Алматы қаласындағы Түркісіб ауданында бастайды. 2017 жылдан бастап Шелек полиция бөлімінің кәлеметтік жасқа толмағандардың аға учаскелік полиция инспекторы болып қызмет етеді.

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздің жарқын болашағы – жас-тар екенін айтып, жас-тар арасындағы құқық бұзушылық және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындауда  мектептер мен колледждерде оқитын жастарға қылмыстың алдын алу мақсатында кездесулер өткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар өткіздік. Ауқымды жұмыстар атқарудың арқасында қылмыстық оқиғалар азайып, қоғамдық тәртіп нығайа түсті. Одан кейін мені кезекші бөлімшенің жедел кезекшісі қызметіне ауыс-тырды», – дейді Азамат.

Қазір ол бұл қызметте азаматтардан түскен арыз-шағымдарын уақы-тылы қабылдап, олармен айналысатын тиісті бөлімшелерге жеткізіп, қылмыстың алдын алуға дер кезінде шешім қабылдауда да іскерлік танытып жүр. Біз де қауіпсіздік сапындағы тәртіп сақышыларының істеріне табыс тілеп, мерекелерімен құттықтадық.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.