
Тыныштықтың тірегі
Әр ауылдар мен елді мекендердегі қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп сақшысы ретінде өзі қызмет ететін аумақта отбасылық-тұрмыстық заңбұзушылықтарды болдырмау – учаскелік полиция инспекторының міндеті. Олар жергілікті тұрғындармен тығыз жұмыс жасайды. Сондай учаскелік инспектродың бірі – Шелек ауылындағы полиция қызметкері, полиция аға лейтенанты Дәурен Демеев.
Дәурен Санатұлы ауданымыздың Масақ ауылында дүниеге келіп, сол ауылдағы орта мектепті тамамдаған соң, бес жыл заңгерлік оқуда білім алып, Шелек ауылындағы полиция бөлімінде қызметке орналасады. Содан бастап учаскелік инспектор болып қызмет етіп келеді.
Ол өзіне бекітіліп берілген аумақтағы құқық бұзушылықтың, түрлі қылмыстардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру, есептегі адамдарды бақылау және олармен тұрақты жұмыс жүргізумен қатар азаматтардың арыз-шағымдарын қарап, жеке қабылдап, оларды мазалаған мәселелерін шешіп, құқықтық кеңес беріп, қайнаған өмірдің ортасында тәртіп пен құқықтардың сақталуына ерен үлесін қосып келеді.
Жергілікті әкімдік қызметкерлерімен ұйымдастырылған іс-шаралар мен кездесулерге қатысып, жас-тар арасында орын алатын түрлі құқық бұзушылықтар, басқа да қауіп-қатерлерден, есірткілерге үйірліктен сақтану жолдарын нақты дәлелдермен түсіндіріп, азамат-тардың өмірін, құқықтары мен бостан-дықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, алдын алуға баса көңіл бөледі. Сондай-ақ, көшелерде, қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалау, өздері өмір сүретін ортаны ластамай, таза сақтау мәселелері де назардан тыс қалмайды. Бөтеннің мүлкіне қол сұғу, балағаттау, тағы басқа да тәртіп бұзушылыққа жол бермеу жөнінде кеңестер беріп, рейдтер ұйымдастыруды да назардын тыс қалдырмайды.
Ол бүгінде өз аумағындағы тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жолға шықты. Өйткені, бұзушылық пен тәртіпті қатаң бақылау – учаскелік полиция инспекторының күделікті міндеті. Олардың әр күні осындай ауқымды жұмыстарға толы.
