
«Гүлчай» – дәстүр мен достықты тоғыстырған мәдени кездесу
2026 жылғы 5 қазанда Еңбекшіқазақ ауданындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінде «Гүлчай» атты мәдени іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұйғыр халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу, мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа насихаттау және этносаралық достық пен өзара сыйластықты нығайту.Шара барысында қатысушыларға «Гүлчай» дәстүрінің ерекшеліктері таныстырылып, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен мәдени құндылықтар туралы айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында өзара пікір алмасу ұйымдастырылып, ұлттық тағамдар мен дәстүрлі мәдениет үлгілері таныстырылды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
