Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшінжауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың тек мектепке оралуы ғана емес, сонымен қатар жаңабілім, жаңа мақсаттар мен жаңа әдеттерге бет бұруы. Ата-ананың осы кезеңде дұрыс бағыт-бағдар беруі – баланың сәтті бейімделуіне үлкенәсер етеді. 1. Режимді реттеу: Жазғы демалыста балалардың ұйқы және күнтәртібі өзгеріп кетеді. Сондықтан оқу басталмайтұрып бір-екі апта бұрын күн тәртібін қалыпқакелтіру маңызды. Баланың уақтылы ұйықтап, таңертең ерте тұру дағдысын қайта қалпынакелтіру оқу процесіне бейімделуді жеңілдетеді. 2. Мектеп құралдарын дайындау: Сөмке, дәптер, қалам, киім-кешек сияқтықажетті заттарды алдын ала толық дайындапқойған жөн. Бұл – баланың жаңа оқу жылынадеген ынтасын оятады. Сонымен қатар, ата-анамен бала бұл сәтті бірге өткізу арқылы өзаражақындай түседі. 3. Психологиялық қолдау: Жаңа сынып, жаңа мұғалім, жаңа достар – бәрібала үшін қобалжу тудыруы мүмкін. Сондықтаната-аналар баламен ашық сөйлесіп, оны тыңдап, уайымдарын бөлісуіне мүмкіндік беруі керек. Қолдау мен сенім баланың өзін қауіпсіз сезінуінекөмектеседі.
Толығырақ оқу