2025 жылдың 20 мамырында Астанада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Өзбек техникалық реттеу жөніндегі агенттігінің делегациясымен ресми кездесу өткізді.Келіссөздер шеңберінде тараптар техникалық реттеу, стандарттау, сәйкестікті бағалау және метрология саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады. Сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде саудадағы техникалық кедергілер және санитариялық-фитосанитариялық шаралар, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мәселелері жөніндегі ақпараттық орталықтың жұмыс істеуі мәселелеріне ерекше назар аударылды.Талқылау стандарттау саласындағы, оның ішінде ұлттық стандарттарды халықаралық және…