Жұма, 06 Ақпан 2026 18:11

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық ұстанымның негізі. Оқушы кезден тәртіпке бағынған, өз ісіне жауап бере алған бала ертең елге пайдалы, саналы азамат болып қалыптасады. Осы орайда Талдыбұлақ орта мектебінде «Заң – қоғам тірегі, тәртіп – ел кепілі» тақырыбында Учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Илиевпен кездесу ұйымдастырылды. 

Оқушыларға заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шараға жоғары сынып оқушылары қатысып, заң қызметкерінен кеңес алды, өздерінің сауалдарын қойды. 

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында кездесетін кейбір құқықбұзушылықтар алаңдатушылық тудырады. Атап айтқанда, мектептің ішкі тәртібін бұзу, үлкенге құрмет көрсетпеу, буллинг пен кибербуллинг, түнгі уақытта үлкендерсіз жүру, зиянды әдеттерге әуестену. Осындай әрекеттердің барлығы заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Көп жағдайда оқушылар өз әрекетінің салдарын толық түсіне бермейді. 

Кездесу барысында инспектор Қазақстан Республикасының заңдары, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың салдары, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу оқушылардың құқықтық білімін арттырып, заңға бағыну мен тәртіп сақтаудың маңызын түсінуге ықпал етті. Оқушыларға заңды құрметтеу, жауапкершілікті сезіну жөнінде кеңестер берілді.

 

А.САБАНШИЕВА, 

Талдыбұлақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Оқылды 823 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет