Жұма, 06 Ақпан 2026 12:57

Сайлау мәдениеті – қоғам кемелдігінің өлшемі

Демократиялық мемлекет үшін сайлау – тек саяси рәсім емес, қоғамның жетілу деңгейін айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі. Ақпанның алғашқы бейсенбісі – дүниежүзілік сайлау күні. Бұл мереке әрбір азаматтың саяси жауапкершілігіне назар аудартады. Қазақстан үшін бұл күн сайлау институтының өткені мен бүгініне баға беріп, болашағына көз жүгіртуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы сайлау жүйесі тәуелсіздік жылдарымен бірге қалыптасты. Кеңестік кезеңдегі баламасыз, формалды сайлау тәжірибесінен бас тартып, ел жаңа саяси жүйе құру жолына түсті. 1995 жылғы Конституция азаматтардың сайлау және сайлану құқығын бекітіп, сайлауды мемлекеттік биліктің заңдылығы мен тұрақтылығының негізгі тетігі ретінде айқындады. Осы уақыттан бастап сайлау жүйесі елдегі саяси өзгерістердің айнасына айналды. Соңғы жылдары жүргізілген реформалар бұл саладағы қозғалыстың бар екенін көрсетеді. Аралас сайлау жүйесінің енгізілуі, бірмандатты округтер арқылы депутат сайлау мүмкіндігінің қайта оралуы, партиялық жүйені ырықтандыру, ауыл әкімдерінің сайлауы – мұның барлығы қоғамның саяси сұранысына берілген жауап. Бұл қадамдар халықтың билікке ықпал ету тетіктерін кеңейтуге бағытталғаны анық.

Алайда сайлау жүйесін жетілдіру тек заңнамалық өзгерістермен шектелмеуі тиіс. Ең маңызды мәселе – сайлау мәдениеті. Сайлаудың әділ өтуі тек мемлекеттік органдарға ғана емес, сайлаушылардың белсенділігі мен жауапкершілігіне де тікелей байланысты. Азамат өз дауысын формалды міндет ретінде емес, ел тағдырына әсер ететін саналы таңдау деп қабылдағанда ғана сайлау шын мәнінде демократиялық сипатқа ие болады.

Халықаралық тәжірибеге көз жүгіртсек, әр елдің сайлау жүйесі өзіндік тарихи және саяси ерекшеліктерге негізделген. АҚШ-та Президент сайлауы көпсатылы жүйе арқылы өтсе, Еуропаның бірқатар елдерінде парламенттік басқару басым. Қазақстан президенттік басқару моделін ұстана отырып, әлемдік тәжірибені ескеруге талпынып келеді. Бұл – даму жолындағы заңды үдеріс.

Дүниежүзілік сайлау күні – қоғамға қойылатын сұрақтың да күні. Біз сайлауды қаншалықты әділ, ашық әрі мағыналы ете алдық? Өйткені сайлау – биліктің ғана емес, халықтың да айнасы. Қай елде сайлау мәдениеті жоғары болса, сол елде қоғамдық сенім де, саяси тұрақтылық та берік болады. Сондықтан сайлау жүйесін жетілдіру – бір реттік науқан емес, үздіксіз процесс. Ал бұл үдерістің табысты болуы билік пен қоғамның ортақ жауапкершілігіне байланысты. Азаматтарымыз тұтастай сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарай білгенде ғана мемлекетіміздің даму ықтималдығы арта түспек.

Осы орайда өз ауданымыз туралы қысқаша мәлімет ұсынып өтсек. Еңбекшіқазақ ауданынында 185 178 сайлаушы бар. 1 аумақтық, 31 округтік, 122 учаскелік, жалпы 154 сайлау комиссиялары бар. 1026 сайлау комиссиясының мүшелері, оның ішінде 7 комиссия мүшесі – аумақтық, 155 – округтік, 864 – учаскелік сайлау комиссиялары.

2026 жылы ауданымызда Көктөбе, Бәйдібек би, Рахат, Жаңашар, Ават ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді.

Ержан ӘМІРДЕНОВ,

Еңбекшіқазақ ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

 

Оқылды 36 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 06, 2026

ЖИ – мұғалім тәжірибесін жетілдіру…

Жасанды интеллект бүгінде өмірдің барлық саласында қолданылып, қоғам дамуының ажырамас…
Ақп 06, 2026

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың…

Жалпы алғанда, жаңа Конституциядағы реформалар Қазақстанда құқықтық мемлекетті…
Ақп 06, 2026

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты…

Конституциялық реформалар елдің саяси және құқықтық тұрақтылығын сақтауға бағытталған…
Ақп 06, 2026

Азаматтық қоғам институттарының…

Жаңа Конституция азаматтық қоғам институттарының дамуына құқықтық негіз қалыптастырады.…
Ақп 06, 2026

Қоғамдық сенімді арттыруға…

Конституциялық өзгерістер мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға…
Ақп 06, 2026

Құқық қорғау институттарының…

Жаңа Конституция құқық қорғау институттарының тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған…
Ақп 06, 2026

Әлеуметтік міндеттемелердің нақты…

Конституциялық реформаларда мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі нақты нормалар арқылы…
Ақп 06, 2026

Адам құқықтарын қорғаудың жаңа…

Жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғаудың заманауи стандарттары бекітіліп, мемлекет…
Ақп 06, 2026

Конституциялық бақылаудың…

Конституциялық бақылау тетіктерін жетілдіру заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет