Жас кәсіпкерлер мен IT-мамандардың дамуына ерекше назар аударып отырғаны үшін Алматы облысының жас кәсіпкері Бағлан Бауыржанұлы Олжабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды Alataunews.kz

Кәсіпкер өз сөзінде Президенттің бастамалары жаңа буын кәсіпкерлері мен инноваторлардың қалыптасуына зор серпін беріп отырғанын атап өтті.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстанның жаңа элитасын – жас кәсіпкерлерді, инженерлер мен IT-мамандарды дамытуға ерекше назар аударып келе жатқаныңыз үшін өз алғысымды білдіремін. Мен қазақстандық стартаптардың дамуына, инвестиция тартып, халықаралық деңгейге шығуына қолдау көрсететін Pul.vc венчурлік құрылымының негізін қалаушымын. Мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлескен еңбегі арқылы Қазақстан инновациялар саласында өңірлік көшбасшы болатынына сенімдімін», — делінген хабарламада.

Pul.vc венчурлік платформасы бүгінде қазақстандық стартаптардың дамуына серпін беріп, инвесторлар мен жас кәсіпкерлер арасындағы өзара байланысты нығайтуға үлес қосып келеді.

«Кәсіпкердің жолы – құлап, қайта тұру»

Бағлан Олжабаевтың айтуынша, кәсіп бастаған алғашқы жылдар оңай болмаған.

«Кәсіпкердің жолы өте ауыр, құлайсың, одан қайта тұрасың. Алғашында өте қиын кезеңдерден өттік. Мысалы, инвестиция тарту үшін ұзақ уақыт кетеді. Стартап бастаған кезде көп нәрсені білмейтінбіз. Көп стартаперлер бірден өнімін жасап, оның нарықтағы сұранысын зерттемей жібереді — бұл үлкен қателік. Мен де солай қателестім. Сондықтан біз қазір ақша емес, ең алдымен адами ресурс береміз. Яғни, әр жобаны сол саладағы мамандармен біріктіріп, сұранысқа ие өнімді іздейміз. Тек содан кейін ғана жасауға кірісеміз», – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, Pul.vc платформасының басты ерекшелігі — жас стартаперлерге бағыт-бағдар беріп, олардың нарыққа бейімделген идеяларын жүзеге асыруға көмектесу.

«Президент жастарға нақты импульс беріп отыр»

Бағлан Бауыржанұлы Мемлекет басшысының жастар мен инновациялық кәсіпкерлікке көңіл бөлуі бүгінгі буын үшін аса маңызды екенін айтады.

«Қазір көптеген жас кәсіпкерлер мен IT мамандары неден бастарын білмей жүреді. Көкейлерінде сұрақ көп, бірақ кімнен сұрарын білмейді. Сондықтан Президенттің мемлекет тарапынан осындай импульс беріп жатқаны қуантады. Бұрын мұндай мүмкіндіктер аз болатын. Тек Astana Hub пен Most IT Hub қана болатын. Жақында  Higgsfield AI деген стартап жарқ етті. Капитализациясы миллиард долларға жеткен. Сол жақсы түрткі болды. Біз Қазақстаннан шығатын осындай стартапты ұзақ күттік. Енді мұндай жобаларға көрсетілетін қолдау көбейіп, жаңа стартаптардың саны да арта бастайды. Сингапур, MENA елдерінен Қазақстан экономикасына деген қызығушылық артады. Сол кезде мемлекет қолға ала бастаса нұр үстіне нұр болады», – дейді ол.

Кәсіпкердің пікірінше, мемлекет пен жеке сектордың бірлескен жұмысы елімізді инновациялар орталығына айналдырады.

Мемлекеттік қолдау және алғашқы жетістіктер

2024 жылы Бағлан Олжабаев командасымен бірге «Qazinnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі ұйымдастырған грант байқауында жеңімпаз атанып, 20 миллион теңгеден астам қаржылай қолдау алған.

«Санат Аханов бастаған агенттік командасы үлкен қолдау көрсетті. Сол гранттың арқасында идеямызды жүзеге асырып, жобамызға венчурлік инвестиция тарта алдық. Компаниямыздың капитализациясы 10 миллион долларға жетті. Бір жыл бойы Нью-Йорктегі венчур билдерде тәжірибе жинап, оны Қазақстанда іске асырып жатырмыз. Біз Сингапур жүйесімен жұмыс істейміз, мұндай формат Орталық Азияда әзірге жоқ», – дейді ол.

«Жастарға ең бастысы – команда мен идея»

Кәсіпкердің айтуынша, кез келген стартаптың табысы идея мен сенімді командаға байланысты.

«Жастарға айтар кеңесім – алдымен нарықты зерттеп, өз клиентіңді табу керек. Сосын мықты команда құру қажет. “Спроси маму” деген жақсы кітап бар, соны оқыса, көп сұраққа жауап табады. Ең бастысы – идеяңды жүзеге асырудан қорықпау және мықты команда құрып оны артыңнан ерте алу», – деді Бағлан Олжабаев.

Pul.vc венчурлік платформасы Алматы облысы мен өзге өңірлердегі жас кәсіпкерлерге арналған ашық алаңға айналып отырғанын айтты. Мұнда әр стартаптың презентациясы қаралып, әлеуеті бар жобаларға тәжірибелі мамандар мен инвесторлар тартылады. Бағланның айтуынша, жуырда Pul.vc жанынан жас стартаперлерді тегін қолдауға бағытталған арнайы қор құрылмақ.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елімізде жасанды интеллект пен инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, жастардың технологиялық білімін арттыру және венчурлік экожүйені қолдау бағыттарына ерекше назар аударған болатын. Оның жастарды кәсіпкерлікке, инновация мен IT саласына тарту жөніндегі саясаты елімізде жаңа буын кәсіпкерлерінің қалыптасуына жол ашты.

Алматы облысынан шыққан жас кәсіпкер Бағлан Олжабаевтың бастамасы – осы бағыттағы нақты нәтижелердің бірі. Өңірлік деңгейде жүзеге асып жатқан Pul.vc сияқты жобалар мемлекет пен жеке сектордың тиімді серіктестігін көрсетеді. Мұндай бастамалар арқылы Алматы облысы тек өндіріс пен ауыл шаруашылығы емес, инновация мен технология саласында да алдыңғы қатарға шығуға бет алды.

Бүгінде Astana Hub технопаркінде Алматы облысынан тіркелген 11 IT-компания жұмыс істейді. Олардың қатарында Бағлан Олжабаевтың компаниясы да бар. Бұл кәсіпорындар салық және виза жеңілдіктерін пайдаланады, сондай-ақ серіктестік ресурстар мен бизнесті кеңейту мүмкіндіктеріне қол жеткізеді.

Жалпы, Алматы облысында жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары белсенді жүзеге асырылуда. Биыл шамамен 100-ге жуық жас кәсіпкер өз ісін ашу үшін қайтарымсыз гранттар алған.

Президент саясаты мен жергілікті кәсіпкерлердің белсенділігі ұштасқанда, Алматы облысы Қазақстанның инновациялық орталықтарының біріне айналатыны сөзсіз.

 

Золотой Человек из некрополя в Есикской долине – не только археологический артефакт, ставший неустаревающей исторической сенсацией. Это символ древней цивилизации, охватившей территорию от Китая до Причерноморья и Дуная и послужившей основой  Тюркских каганатов, средневековых государств Центральной Азии, Монгольской империи и Алтын Орды, а в 15 веке – Казахского ханства.

С обретением суверенитета центральноазиатскими республиками внимание к исследованию культурно-исторических истоков тюркского мира, его корням вспыхнуло с новой силой. И в немалой степени тому послужило изучение археологического наследия Жетысу, на территории которого находятся многочисленные  очаги цивилизации саков, представленные  археологическими находками последних лет. 

Начавшийся со скромной выставки экспонатов из сакских курганов, организованной в 1992-м году в г.Есике  участником раскопок знаменитого захоронения Алтын Адам, сподвижником доктора исторических наук Кемаля Акишева,  археологом  Бекмуханбетом Нурмуханбетовым, процесс возвращения Золотого Человека на арену новейшей казахстанской истории длился не один год. Во многом  стараниями ныне покойного Бекена ата в 2010 году был открыт  музей-заповедник на  Есикских курганах, ныне входящий в число самых известных археологических музеев Центральной Азии.

Тем не менее  тема популяризации, сохранения и изучения историко-культурного достояния  Казахстана – сакских курганов Жетысу, чья эпоха стала точкой отсчета формирования тысячелетней цивилизации Великой Степи,  остается открытой. Об этом говорят такие исторические находки, как бронзовый жертвенник, выкопанный в 2011 году фермерами в Тургене во время полевых работ.  С момента образования музея на курганах уцелевшие остатки Есикского некрополя взяты под государственную охрану, однако часть курганов была уничтожена еще  в советский период «за ненадобностью».  Большинство памятников древности  на территории самого Есика уже утрачено, а те, что остались, находятся на частных территориях и их сохранность  зависит от добросовестности  хозяев земельных участков. И в наше время археологические работы на территории района   зачастую проводятся силами волонтеров-добровольцев, ограничиваясь находками верхнего культурного слоя. Если всерьез, а не на словах развивать туристический бизнес, то  вполне можно составить  путеводитель по археологическим  достопримечательностям, проложить к ним маршруты, создать приемлемую туристическую инфраструктуру.

Буквально на днях, 23 октября 2025 года, на базе музея-заповедника «Есик» состоялась очередная Международная научно-практическая конференция  (VI Есикские чтения) «Международные исследования в области археологии: опыт, результаты и приоритетные направления», посвященная сразу трем памятным датам: 55-летию открытия «Золотого Человека», 15-летию образования Государственного историко-культурного музея-заповедника «Есік» и 90-летию автора эпохального открытия, популяризатора и исследователя сакского периода истории Казахстана археолога Бекмуханбета  Нурмуханбетова. Ее организаторами выступили комитет культуры министерства культуры и информации РК, государственный историко-культурный музей-заповедник на сакских курганах «Есік», а также зарубежный партнер казахстанских ученых, институт археологии провинции Шэньси (КНР).

Местом проведения конференции были выбраны инновационная школа «Altyn Adam» и государственный историко-культурный музей-заповедник «Есік». В ней приняли участие ученые государств Центральной Азии, Азербайджана, Пакистана, России, Китая, Великобритании.  

На открытии конференции, проходившем в инновационной школе «Altyn Adam», модераторы VI Есикских чтений: директор государственного музея-заповедника «Есік» Гульмира Мухтарова  и учёный секретарь Государственного историко-культурного музея-заповедника «Есик» Молдир Тынайкулова право для приветственного слова  предоставили  председателю комитета культуры министерства культуры и информации РК Ерлану Дакенову, директору Института археологии провинции Шэньси (КНР) Чон Жиянь Ронгу, генеральному директору Института археологии им. А. Маргулана Акан Онгарулы, декану исторического факультета КазНУ им. аль-Фараби  Досболу Байгунакову, директору Государственного археолого-мемориального музея-заповедника «Отрар» Айбеку Жандосову, директору государственного историко-культурного музея-заповедника «Ботай»  Сабине  Амировой, заместителю директора Центра сближения культур под эгидой ЮНЕСКО Салтанат Ашимовой, директору инновационной школы «Altyn Adam» Ботакоз Шарибек.

Также состоялась презентация трудов казахстанских и китайских археологов:  монографии «Рахат  археология кешені» («Археологический памятник Рахат») на казахском языке  и путеводителя Государственного историко-культурного музея заповедника «Есік» (на китайском языке).

На пленарном заседании ученые  выступили с докладами по теме археологических находок  сакского периода на территории Казахстана, России, Китая, постсоветских государств  Центральной Азии, опыта работы археологических музеев, университетских кафедр истории,  реставрационных лабораторий и развития научно-популярного туризма.

Конференцию продолжила работа секций «Международное сотрудничество в археологии и вклад Бекмуханбета Нурмуханбетова в казахстанскую археологию» и «Современная музейная практика: сохранение историко-культурного наследия, обмен опытом и вопросы цифровизации». На секционных заседаниях, которые вели заместитель директора музея-заповедника «Есік»   Досым Зикирия Куатулы и старший научный сотрудник музея Айткул Хамит, археологи рассматривали результаты международных исследований в археологии, их приоритетные направления, знакомились с итогами археологических экспедиций, вновь найденными памятниками древних эпох, внедрением  цифровых технологий в археологию, музейное дело и образование.

 Директор музея-заповедника «Есік» Гульмира Мухтарова также познакомила присутствующих с близкими родными Бекена ата: его сыновьями Бекболом и Арманом и сестрой Канипой апа.

Бекбол Нурмуханбетов  является исполнительным директором благотворительного фонда имени Бекмуханбета Нурмуханбетова «Бекен ата» и магистрантом кафедры «Археологии и этнологии» Евразийского национального университета им. Л. Гумилёва. Фонд, которым он руководит, продолжает дело  его отца, Бекена ата, в качестве консультанта и сотрудника музея «Есік»  до последних дней жизни, в 80-летнем возрасте,  устраивавшем полевые экспедиции на Есикских курганах. 

Волонтерами фонда «Бекен Ата» совместно с научными учреждениями организованы просветительские чтения, снимаются документальные фильмы. Еще в 2017 году в память об археологе Бекмуханбете Нурмуханбетове совместно с историко-культурным музеем-заповедником «Есік» фонд организовал первую народную археологическую экспедицию «Нурмуханбетов Экскавэйшнс!». Следуя традиции Бекена Нурмуханбетова, который на большинстве раскопок устраивал импровизированные «мобильные музеи», фонд придал экспедиции просветительскую направленность, организуя  лекции, мастер-классы по ковроткачеству и традиционной стрельбе из лука, демонстрацию видов национальной  охоты. Совместно с музеем-заповедником «Есік» при поддержке Казахской академии спорта и туризма фонд «Бекен Ата» в ходе экспедиции «Beken Ata Expeditions: Sacred Qyzemshek» продолжил изучение высокогорных памятников наскального искусства: петроглифов горы Қыземшек, расположенной к юго-западу от озера Есик. На секционном заседании Бекбол Нурмуханбетов  также выступил с докладом  «Роль гражданской науки в охране историко-культурного наследия Казахстана», в котором поднял вопросы  поддержки государством волонтерского движения в Казахстане, содействия  глобальной волонтерской инициативе Citizen Science.

 

В завершение конференции была проведена экскурсия на археологический памятник Рахат и средневековое городище Талхиз, награждение  памятными подарками и благодарственными письмами.

И.ТУРАНИН

Сейсенбі, 04 Қараша 2025 15:41

Дәрігерлер тәжірибе алмасты

Медицина – адам жанына араша болуға, денсаулығын нығайтуға бағытталған салалардың бірі. Ал осы саланың дамуы тікелей медициналық білімнің сапасына байланысты. Білікті дәрігерлер мен медбикелердің даярлануы –  бүгінгі қоғамның басты қажеттілігі. Қазіргі таңда елімізде медициналық жоғары оқу орындары халықаралық стандарттарға сай білім беруге ұмтылуда. Осы орайда Есік жоғары медициналық колледжінде  «Медициналық білім мен ғылым дамуының заманауи үрдістері» атты халықаралық ғылыми

конференция өтті.

Медицинаның басты мақсаты – аурудың алдын алу, адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және ұзарту.  Бүгінде жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктердің арқасында медицина саласы қарқынды дамып келеді.  Диагностикалық құралдар мен емдеу әдістерінің жаңаруы көптеген дерттердің алдын алуға мүмкіндік беріп отыр.  Медицина тек қандай да бір дерттің алдын алу және оны емдеу ғана емес, медицина – денсаулық мәдениетін қалыптастырудың да маңызды бөлігі.

Халықаралық конференция Есік медициналық колледжінің директоры Айнұр Маралқызының құттықтау сөзімен басталды.

– Құрметті әріптестер және серіктестер! Бүгінгі халықаралық конференция екі ел арасындағы ұйымшылдықты арттырып қана қоймай, кәсіби түрде тәжірибе алмасу үшін таптырмас мүмкіндік болып отыр. Бүгінгі кездесу  медицина және білім беру саласында кәсіби  деңгейде дамытуды мақсат ететін  барлық мекемелер үшін маңызды. Біздің колледж бен Өзбекстан   Республикасының орта медициналық және фармацевтикалық  қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру және мамандандыру  республикалық орталығы арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум, ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ бауырлас елдер арасындағы достық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады, – деді колледж басшысы.

Конференция барысында колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Саида Чачидзе  медициналық колледждің қызметі мен бағыты туралы презентациямен таныстырды. Ал шетелдік серіктес Лола Мусаджанова медицина саласының маңызы мен рөлі туралы баяндама оқыды. Баяндамада Лола Мусаджанова бұл конферецияның екі ел үшін де пайдасы көп екендігін айтып, алдағы уақытта ұзақ мерзімде жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Оған қоса арнайы оқу орнының  білім деңгейін жақсартуға арналған ұсыныстарымен бөлісті.

–  Жақында біз Өзбекстанда «Қазақстан күнін» атап өттік. Қазақстаннан 100-ден аса маман келіп, тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін шыңдады. Мамандар өздерінің арнайы аппараттарымен келді. Тәжірибе алмасу барысында мамандар ота жасап, диагностика жүргізді. Осындай шаралар екі тарапқа да өз көмегін тигізері анық, – деп сөзін аяқтады шетелдік серіктес.

Конференцияға Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының қызметкері  Жанар Казиева «Практикалық бағытталған  оқытудың мамандар даярлаудағы рөлі» туралы баяндама оқыды. Өз баяндамасында Жанар Казиева практикалық бағытталған оқытудың мамандар даярлаудағы рөлі аса маңызды екенін айтты.

Айта кету керек, еліміздегі медицина саласының дамуы мен алға ілгерілеуі үшін осындай конференциялардың жиі болуы маңызды. Өйткені байқанымыздай, ғылыми конференцияда әр тарап өз ұсынысын айтып, белгілі бір шешімге келеді. Өз кезегінде ол шешім елдегі медицина саласының өркендеуіне өз септігін тигізеді.

Медицина саласын таңдаған жас дәрігерлерді өз өмірлерін қатерге тіккен нағыз батырлар деуге әбден болады. Өйткені 9 жыл бойы білім алып, сол бағытта қызмет ету  оңай емес. Дәрігер болу – жауапкершілік пен шыдамдылықты әрі білімділікті талап етеді. Әрине, кез келген сала жауапкершілік пен кәсібилікті талап етері сөзсіз. Алайда, дәрігердің арқалайтын жүгі өзге мамандықтарға қарағанда ауыр.

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері – адам өмірінің сақшылары. Олардың арқасында қаншама адам сауығып, кейде тіпті өмір сүруге тағы бір мүмкіндік алады. Сондықтан медицина саласының  дамуы –   мемлекеттің басты  басымдығы болуы тиіс.

Халықаралық конференция Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық  туралы меморандумға қол қоюмен жалғасты. Қол қойылған меморандум – болашақтағы бірлескен жобалар мен ғылыми серіктестіктің берік іргетасы болары хақ.

Конференция соңы колледжде оқып жатқан жас медицина қызметкерлерінің өз өнерлерін көрсетумен тәмамдалды. Шетелдік серіктес Лола Мусаджанова колледж директоры Айнұр Маралқызы мен колледж қызметкерлеріне Ташкенттен сәлемдеме үйлестіріп, ұлттық киімдерін тарту етті.

 

 

Жанерке САТЫБАЛДЫ.

Жұма, 31 Қазан 2025 15:11

Ізгі бастаманың берері мол

Жуырда Райымбек батыр атындағы орта мектепте  «AMANAT» партиясы ұйымдастырған «Тең мүмкіндіктер» атты дәстүрлі балалар инклюзивтік спорт фестивалі өтті. Бұл жоба «Кедергісіз келешек» жобасы аясында білім, спорт және мәдениет басқармаларымен бірлесіп жүзеге асырылды. Іс-шара инклюзия мен бірліктің жарқын үлгісі болып, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен сау балалар арасындағы әлеуметтік белсенділік пен өзара әрекеттің маңыздылығын көрсетті. Аталған ауқымды шараның өтуіне «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты ерекше қолдау көрсетті.

Фестивальдің мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар балалар мен сау балалар арасындағы достық пен сенімді инклюзивтік спорттық-мәдени іс-шаралар арқылы нығайту. Аталған спорттық сайысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 11 командасы қатысты. Жас спортшылар «Бочча», «Көңілді старттар» және «Жеңіл атлетика» бойынша сынға түсті.

Фестивальдің ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аслан Кубентаев, облыстық білім басқармасы облыстық ғылыми тәжірибелік орталығының Оқу әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Рахимжан Нұртазаев, «AMANAT» партиясы облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Меруерт Молдашева, аудандық мәслихат депутаты Шолпан Қасымбаева облыстық дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спортты дамыту дирекциясының директоры Нұрдәулет Құлсейітов құттықтау сөздерін арнап, жарыстың маңыздылығы мен қажетілігіне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар ауданымыздың бірнеше әртістері мен өнерлі жасөспірімдері патриоттық әндерді әуелетті.

Бәсекеге толы жарыс нәтижесінде командалық есепте І орынды Еңбекшіқазақ ауданы еншілесе, ІІ орын тұғырына Қарасай ауданы жайғасты, ал ІІІ орынды Іле ауданы иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша 18 қатысушы республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аслан Кубентаевтың айтуынша, аталған фестиваль осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

– Партия бастамасымен біз инклюзивті «Тең мүмкіндіктер» спорт фестивалін үшінші жыл ұйымдастырып отырмыз. Бұл – «Кедергісіз келешек» жобасының маңызды бөлігі. Бүгінгі алаңда облыстың барлық ауданынан келген 50-ге жуық жас спортшы бақ сынайды. Бұл жігерлі де қайсар балалар бәрімізге шабыт сыйлады, – деді Аслан Кубентаев.

Айта кетейік, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау – «AMANAT» партиясы жұмысының басым бағыттарының бірі. «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жобасы аясында 2028 жылға дейін еліміздің әрбір елді мекенінде кем дегенде бір инклюзивті кабинет ашу жоспарлануда.

 

Өз тілшіміз.

 

Шелек ауылында ашылған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылғанына да бір жылдың жүзі болды. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын ұзартуға мотивациясын қалыптастыру және дамыту, бос уақытын пайдалы мәдени шаралармен айналысуға ұйымдастыру болып

 табылады.

 

Республика күнінің 35 жылдығы қарсаңында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Белсенді ұзақ өмір орталығы Шелек ауылдық округі бойынша филиалында «Бір жыл бірге – белсенді өмірге» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

Бұл шараға аудан, округ басшылары, ардагерлер мен аналар кеңесі, әлеуметтік, кәсіподақ, оқу ордаларының басшылары және облыс аумағындағы барлық Белсенді ұзақ өмір орталығы филиалдарының өкілдері қатысты.

Аталмыш филиалдың тек бір жылдық мерекесі емес, белсенділік, достық, шығармашылық пен өмірге деген құштарлықтың мерекесіне айналған шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайсар Асқарұлы құттықтау сөзімен ашып, ауданның құрметті азаматы, Шелек ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбілбек Айтақынов бұл орталықтың құрылғанынан бүгінгі күнге дейінгі ұйымдастыру жұмыстары мен жеткен жетістіктері жайлы әңгімелеп берді.

Одан кейін Алматы облысы аналар кеңесінің төрайымы, «Құрмет» орденінің иегері, облыс координаторы Гүлнар Жошыбаева сөз сөйлеп, Белсенді ұзақ өмір орталығының мүшелеріне әр шығармашылық жағынан үйретушілердің еңбегін бағалап, оларды Алғыс хаттармен марапаттады.

Белсенді ұзақ өмір орталығының директоры Жания Сакташева облыс бойынша атқарылып жатқан игі істерден, алдағы атқарылар жұмыстардан ақпарат берді. Осы орталықтың белсенді мүшесі, Қазақстан Рес-публикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі әрі ардагері, ауданның құрметті азаматы, Шелек әкімдігі жанындағы аналар кеңесінің мүшесі Гүлжан Умекова әріптестерін мерекелерімен құттықтап, «Есіңе мені алғайсың» атты әнді әуелете шырқап, зор қошеметке ие болды.

Одан кейін орталықтан қызмет алушы әжелер тобы «Сусамыр – елдің жайлауы» әнін хормен орындаса, осы жылдың ақпан айында Алматы қаласында өткен «DANCE MANIA» би байқауында бірінші орынды, ал сәуір айында Түркістан қаласында өткен халықаралық көпжанрлы «Nuray ART FEST»  байқауында бас жүлдені  жеңіп алған және Ташкент, Дубай елінде өтетін байқауға жолдама алған «Гүлдер» бишілер тобы орыс биі «Ивушкиді» билеп, құрметке бөленді.

Сондай-ақ, осы мерекенің шырайын кіргізіп, түрлі шығармашылық қолөнер туындыларын көрмеге қойып, қонақтарды күмбірлеген күймен, дәмтатар дастарханымен қарсы алған Балалар өнер мектебінің оқушылары әсем әндері мен тәтті күй, мың бұралған билерін көпшілік назарына ұсынды.

Мерекелік шара соңында Белсенді ұзақ өмір орталығының мүшелері шығармашылық өнерлеріне сай «Шебер қолдар», «Мерекелік көңіл сыйлаушы», «Көркем биші», «Әсем дауыс иесі», «Спорт саңлағы» және «Ең әдемі жұп» номинациясы бойынша марапатталды.

Шелек ауылдық округі Белсенді ұзақ өмір орталығы филиалының директоры Нұржан Жақсыбаев келесі шараны жалғастыру үшін эстафетаны Талғар аудандық филиалына жолдады. Шара соңы Т.Кенжебаев атындағы орта мектебінің оқушысы Арай Жақыптың орындауында «Қазақстаным менің» әнімен қорытындыланды.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Жұма, 31 Қазан 2025 12:22

Жас балуандар белдесті

Республика күні қарсаңында Шелек өңірінде еркін күресті дамытуға елеулі үлес  қосқан  профессор Асан Тоққожаевтың жүлдесіне арналған  облыстық ашық турнир өтті.

Шелек ауылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебіндегі еркін күрестен 2013-2015 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы бәсеке өте тартысты өтті. Облыстың әр ауданынан келген командалар арасында Ж.Үшкемпіров атындағы спорт мектебінің жас балуандары командалық есепте І орынды жеңіп алды. Ал ІІ және ІІІ жүлделі орындарды Шелек ауылындағы №2 БЖСМ мен Талғар ауданының  командалары иеленді.

Жүлделі орындарға арнайы медальдар мен бағалы сыйлықтар, кубоктар табыс етілді.

 

Өз тілшіміз.

Аудандық полиция бөліміне қарасты Шелек полиция бөлімінің жеке құрамы  Республика күні мерекесін атап өту үшін  мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізді.

Мінбеге шыққан Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары Бауыржан Доғалов Шелек полиция бөлімінің жеке құрамын айтулы мерекемен құттықтап, өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізгені үшін Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің Алғыс хатымен Шелек ПБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Бекзат Малмаковты, полиция аға лейтенанты Әмір Жаханды және полиция сержанты Мейрамбек Жақыпты марапаттады.

Шелек полиция бөлімінің бастығы Шоң Ынтымақ қызметте қайтыс болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алып, туыстарына гүл шоқтары мен сый-сияпат табыс етті.

Мінбеге Шелек полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Наурызбай Ерғожа облыстық полиция департаменті бастығының бұйрығын оқып, қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, жұмыста жақсы нәтижелерге қол жеткізгені үшін Еңбекшіқазақ ауданы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция аға лейтенаты Әсия Әкімхан, полиция капитаны Дамир Султанов, полиция аға лейтенаттары  Абылай Белғожа мен Қайсар Жумабайды марапаттады.

Ал Шелек ПБ-нің Алғыс хатымен қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция майорлары Олжас Сулайманов, Рану Маталипова, Әсель Таукенова, полиция капитаны Баян Жирен, канцелярия технигі Анжела Русланова марапатталды.

Облыстық полиция департаменті бастығының бұйрығымен Шелек ПБ-нің бастығы, полиция подполковнигі  Нуржан Ахмедовті, кезекші бөлім кезекшісінің көмекшісі, полиция старшинасы Бекжан Дулатовты, және күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторының қызметкері, полиция аға сержанты Сұңқарбек Сұлтанғазиевті салтанатты түрде зейненке шығуымен құттықтап, сыйлықтар табыс етілді.

Жиынға құрметті қонақ болып қатысқан қазақ күресінен әлем барысы және бірнеше дүркін Қазақстан барысы атағының иегері Бейбіт Ыстыбаев құқық қорғаушыларды мерекемен құттықтады. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ҚР-ның эстрада жұлдыздары Айбек Қайболла мен Кенжебек Жанәбілов ән шырқап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

 

Жұма, 31 Қазан 2025 12:13

Ғибратқа толы ғасыр

Қаражота ауылының қадірменді ақсақалы, еңбегімен елге сыйлы, ұрпағына өнеге болған абыз қария Аманжол Игенбаевтың өмір жолы – тұтас бір дәурдің шежіресіндей. Биыл ақсақал 103 жасқа толды.

Аманжол ата 1922 жылы наурыз айында Қытай Халық Республикасында үлкен, берекелі әулетте дүниеге келген. Балалық шағынан-ақ зерек, алғыр болып өсіп, арабша хат танып, сауатын ашқан. Есейе келе әскери борышын өтеу мақсатында 1941-1946 жылдар аралығында бес жыл бойы әскер қатарында азаматтық міндетін адал атқарады. 1954 жылы өмірлік жары Кереке анамызбен шаңырақ көтеріп, тағдыр тоғыстырған қос жүрек берекелі отбасын құрды. Бірге өткізген өнегелі өмірлерінде 3 қыз, 4 ұл тәрбиелеп өсіріп, бәріне саналы тәрбие, тәлімді жол көрсетті.

Аманжол ақсақалдың өміріндегі үлкен белес – 1962 жылдың желтоқсан айында орын алды. Сол жылы елге деген сағынышымен, ұлтқа деген сүйіспеншілігімен көптен күткен аңсаған арманы орындалып, отбасымен бірге Қытай Халық Республикасынан тарихи Отанына қоныс аударады.

Отан топырағына табаны тиген сәттен-ақ ол еңбекке белсене аралас-ты. 1962-1978 жылдары Нарынқол ауданының  бұрынғы Крупская, қазіргі Қайнар ауылында қарапайым колхоз жұмысшысы болып еңбек жолын бастады. Жұмысына деген жауапкершілігі, еңбекқорлығы, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен Аманжол атамыз ұжым арасында зор құрметке ие болды. Ерен еңбегі еленіп, бірнеше мәрте мемлекет және колхоз басшылығы тарапынан марапаттарға ие болды. 1974 жылы еңбектегі табысы үшін арнайы жолдамамен сол кездегі Кеңес Одағының астанасы – Мәскеу қаласына барып, халық шаруашылығы көрмесіне қатысып, 14 күн бойы арнайы қонақ ретінде құрметке бөленді.

1976 жылы Қайнар ауылынан еңбек демалысына шығып, Шелек ауданының Қаражота ауылына қоныс аударғаннан кейін де тынымсыз еңбек етіп, Қызылжиде совхозында қызметін абыроймен жалғастырды. Өз ісіне адалдығымен, жауапкершілігімен танылған Аманжол ата «Еңбек ері» атағын иеленіп, ауыл-аймақтың сыйлы азаматына айналды.

Бүгінгі таңда Аманжол ақсақал – Қаражота ауылының абыройлы қариясы, елдің ақылшысы, әулеттің бәйтерегі. Немере-шөберелері мен шөпшектерінің ортасында ақ батасын беріп, өнегелі сөзін айтып отырған, жаны жайсаң, батагөй ақсақал. Аманжол атамыз бен Кереке анамыздың өмір жолы – жастарға үлгі. Бүгінде Аманжол ата – 4 ұл, 3 қыздан тараған 17 немере, 35 шөбере, 5 шөпшектің ардақты атасы. Елі үшін еңбегі сіңген, халқының ықыласына бөленген ақсақал –  ел ардағы, ұрпақ тәрбиесінің жарқын үлгісі.

 

Жайна ЕПТІБЕКҚЫЗЫ.

 

 

Жұма, 31 Қазан 2025 12:11

Көк туымыз көкте желбіреді

Қазақстан Республикасының 35 жылдығына орай Шелек ауылдық округінде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

Бұл – еліміздің басты мерекесі құрметіне арналған шараға округ ауамғында орналасқан барлық мекемелердің қызметкерлері, оқу орындары жастары мен ауыл тұрғындары қатысты. Мерейлі мерекені қуана қарсы алған шелектіктердің жүздерінде шаттықтың нұры төгіліп тұрды.

Еліміздің басты құндылығы – тәуелсіздікті, достық пен бірлікті жүректерімен шынайы қабылдап, елге деген махаббатпен ел Туы көтерілгенде Гимнді рухтана шырқады. Бұл шара – келешек жастар үшін патриоттық тәрбие, азаматтық жауапкершілікті сезінудің бірден-бір айғағы болды.

Ел Туы көтерілген соң округ әкімі Айдарбек Аянбекұлы, басқа да ардагер азаматтар сөз сөйлеп, шелектіктерді мерекелерімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, рухты  көтеретін ән әуендері көпке дейін шарықтап  тұрды.

Өз тілшіміз.

Жұма, 31 Қазан 2025 11:59

Ұлықты мереке ұлт жадында

2022 жылдан бері 25 қазанда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Республика күні мерекесі тұрақты түрде аталып келеді. Халқымыз тәуелсіздігімізді дәріптеп, ел тарихына құрметті арттыратын, татулық пен патриотизмді нығайтуға бағытталған бұл ұлықты мерекені ыстық қабылдады. Бұл күн – тәуелсіздіктің алғышартын қалаған, еркіндіктің бастауы болған қастерлі мереке. Өзгерістер жолына бет түзеген, бірегейлік пен бірлікті, әділдік пен адалдықты, тұрақтылық пен дамуды мақсат тұтқан барша қазақстандықтардың мерейлі күні. Соған сай 25 қазан күні Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде Республика күні аталып өтті. Салтанатты шараға еңбек ардагерлері, қала және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен жастар қатысты.

Шараға қатысушылар ең әуелі мәдениет үйінің алаңындағы Туымыз ілінген биік тұғырға жиналды. Мемлекеттік Гимніміз шырқалып, Ту көтерілді. Салтанатты мереке мәдениет үйінде жалғасын тапты. Сахна төріндегі лэд экраннан мерекеге сай, патриоттық сезімге толы видео көрсетілді. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов ұлықты мерекенің мәніне кеңінен тоқталды:

– Тарихқа көз салсақ, 1990 жылы дәл осы күні Жоғарғы Кеңестің қаулысымен Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері бекітілді. Бұл күнге 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Сол кезден бері Республика күні қоғамдық санада әр адамның өз елінің болашағына деген жауапкершілігін айқындайтын, азаматтық бірегейлік пен ұлттық бірлікті айшықтайтын жалпыұлттық мереке ретінде қалыптасты.

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, қазіргі кездегі ең басты міндет – еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын нығайту – деді.

Сондықтан Егемендік декларациясының 35 жылдығын мерекелеудің негізгі идеологемасы еліміздің түрлі салада жеткен жетістіктері мен жүргізіліп жатқан трансформациялық өзгерістерді дәріптеу арқылы қоғам бірлігін арттыруға, азаматтарымыздың бойындағы отансүйгіштік сезімді күшейтуге, тәуелсіздікті одан әрі тұғырландыру.

Қазақстан азаматтарының тұлғалық, кәсіби, шығармашылық табысы – ел ішінде уақытылы жүзеге асырылған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың оң нәтижесінің жемісі. Сол себепті, ұлттық мерекенің идеялық мазмұны баршаға ортақ жоғары миссияны – Қуатты, Әділетті, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды құру болып табылады.

Бұл миссияның жүзеге асуы қоғамдық сананы қалыптастыруда «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаттарын және «Адал азамат» құндылықтар жүйесін ілгерілетуге негізделеді.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына, соның ішінде 54 этнос пен ұлыстың киелі шаңырағы бола білген Еңбекшіқазақ ауданы соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық жағынан бір қалыпты дамып келеді.  Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өсімдік шаруашылығы, инвестициялық субсидиялар бағыттары бойынша                  10 млрд теңгеге жеңілдікті несиелер, субсидиялар алынды. Аграрлық несие корпорациясы арқылы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға «Кең дала» бағдарламасы аясында 24 шаруашылық  323 млн теңге несие алды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 252 жобаның 2,5 млрд теңге  құжаттары қаржыландыруға комиссияға жолданылды. Шағын және орта бизнесте жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерліктің саны 26 мың 055 бірлікті құрап, 40 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында биылғы жылы ауданымызда Қаражота ауылында 300 орындық және Алмалы ауылында 600 орындық 2 жаңа мектеп пайдалануға берілді.           Жыл соңына дейін Ащысай ауылында 600 орындық, ал Сатай ауылында 900 орындық заманауи мектептердің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Есік қаласында 130 және 180 пәтерлі, Шелек ауылында 120 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыстары жүргізілуде.         Бұл атқарылған істің бәрі де, әрине, халықтың әл-ауқатын арттырып, әлеуметік жағдайын жақсарту үшін жасалып жатыр – дей келе, көпшілікті мерекемен құттықтап, қазақтың сүбелі сөздерімен ақ тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, Ертай Сұлтанәліұлы ел дамуына өзіндік үлесін қосқан азаматтарымызға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен аудан әкімі Талғат Байеділовтің мерекелік марапаттарын табыс етті.

Аудандық мәдениет саласында қызмет атқарып жүрген айшықты өнерпаздар жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар, Айбек Мұхамедәлі, Лала Бақытнұрқызы, Нұртас Қайратұлы, Бауыржан Қаңтарбай сынды эстрада жұлдыздары да өнерлерін паш етті. Патриоттық және халық әндерін шырқаған әншілер алқалы жұрттың қошеметіне бөленді.

 

Ринат НАРХАНОВ.

1 бет. Барлығы: 803

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет