Мен Рузахунов Айшрахун Иджанович, 1964 жылы 19 шілдеде Алматы облысы Шелек ауылында дүниеге келдім. 1994 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, экономика және бизнес мамандығын алдым. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды 2006 жылы Масақ ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып бастадым. 2007 жылдан бері Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарамын.

Құрметті, Қырбалтабай ауылдық округінің тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға Қырбалтабай ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Мен соңғы 17 жылда ауылдық округ әкімінің аппаратында жұмыс істей жүріп, мұндағы ең өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді және ілгері басқан істі де көріп жүрмін. Және барлық түйінді мәселелерді шешіп, жемісті істерді халықтың игілігі үшін одан әрі табысты, мақсатты түрде жалғастыру қажет деп есептеймін.

Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен  әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз шығады. Мен халыққа жақын бол қағидасын ұстана отырып, Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсындым және ауыл мен ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиіс міндеттерді орындауды мақсат етіп отырмын.

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және олардың жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

– Жаңа жұмыс орындарын құру;

– Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау;

– Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету;

– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасау;

– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, округтің мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын;

– Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын.

Президент Жолдауында ауылдың дамуы мен көркеюі үшін маңызды тапсырмалар берді. Округ әкімі ретінде ол міндеттерді орындау, ең бірінші кезекте Қырбалтабай ауылдық округтің тұрақтылығы мен өркендеуіне әкеледі деп санаймын.

Мен Қалиақбаров Нұрлан Тұрғанұлы, 1975 жылы 10 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қызылшарық ауылында дүниеге келдім. 1992 жылы аталған ауылдағы М.Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсіп, 1996 жылы философ, философия пәнінің оқытушысы мамандығын алдым.

Еңбек жолымды 1996 жылы Алматы қаласындағы «Сайма» фирмасында менеджер болып бастадым. 2002-2003 жылдары Қызылшарық ауылындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болдым. Кейіннен Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маманның міндетін атқарушы, 2008 жылы жетекші маман, Асы ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман, бас маман қызметтерін атқардым. Бүгінгі таңда Асы ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманмын.

Құрметті Саймасай ауылдық округінің тұрғындары!

Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру! Осы орайда мен өзіме бірқатар міндеттер қойып, оларды округ әкімі ретінде жүзеге асыруға дайынмын.

– Білім беру ұйымдарына жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржыны  қадағалап, ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу;

– Елді мекендердегі емханалардың материалдық-тахникалық базасын нығайтуға күш салу;

– Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар кәріз су жүйелерін салу жұмыстарына атсалысу;

– Жастарға арналған спорт алаңдарының ашылуына атсалысу, балаларға арналған ойын алаңдарын жабдықтауды қадағалау;

– Елді мекендердегі көшелері мен жолдарды күрделі жөндеуден өткізуге ықпал ету, жол ережесі белгілерін орнатуды қамтамасыз етуге ықпал жасау;

– Елді мекендердегі мәдениет саласына аса көңіл бөлу, мәдениет үйлеріне керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал жасау;

– Жеке, шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған отырыстар өткізіп, жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын дайындай отырып, жаңа кәсіпорындардың ашылуына ықпал етіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етілуіне үлес қосу;

– Елді мекендерді тазалық жұмыстары мен көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын қолға алу;

– Учаскелік полиция инспекторларынымен тығыз қарым-қатынас орнатып, құқықбұзушылықпен күрес жұмыстарын жүргізу;

– Халыққа мүлтіксіз қызмет етіп және реформалар нәтижесінде берілетін мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана отырып ауылдың инфрақұрылымдарын дамытуға үлес қосу;

– Округті дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– Жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болу, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету – менің сайлауалды бағдарламамның негізі.

Құрметті сайлаушылар!

15 жылдан астам мемлекеттік қызметтегі тәжірибемді Саймасай ауылдық округін гүлдендіруге, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсауға дайынмын. Ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет.

 

Мен, Қожамберды Нұрберген Айдарұлы 1994 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Райымбек  ауданында дүниеге келдім. Еңбек жолымды 2016 жылы 2 желтоқсанда «Алматы сараптама» ЖШС-де офис менеджері қызметінен бастадым. 13.02.2018 – 11.02.2019 жылдар аралығында Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының жастармен жұмыс жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы қызметін атқардым. 2019 жылдан осы уақытқа дейін Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманымын.

Құрметті Қаражота ауылдық округінің тұрғындары!

 «Ауыл – алтын бесік» деген дана халқымыз. Бүгінгі таңда осы ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бағытында кешенді жобалар жүзеге асырылуда. Осы игі шараларды жалғастырып, Қаражота, Ақтоған, Сарыбұлақ ауылдарының дамуына, тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға өз үлесімді қосуға ниеттімін. Менің сайлауалды бағдарламаның негізі де сол, ауылды гүлдендіру.

– Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға күш саламын.

– Ауылдарда жаңа білім ошақтары мен денсаулық сақтау мекемесінің бой көтеруіне атсалысамын. Сонымен қатар, оларды жаңа, заман талабына сай құралдармен жабдықтау менің сайлауалды бағдарламамның негізі.

– Халықтың әлеуетін арттыру да мен үшін үлкен міндет болмақ. Жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықпен күресу жолында барымды саламын. Көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының жағдайын жақсартуға атсалысамын.

– Цифрландыру мәселесі де бүгінгі күннің күн тәртібінде тұр. Ауыл тұрғындарының сапалы әрі жылдам интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету бағытында аянбай тер төгемін.

– Конфессияаралық татулық – еліміздегі тұрақтылық пен дамудың кепілі. Сондықтан да, ұлтаралық татулықты сақтау жолында қызмет етемін.

– Дамуға бағыт алған елімізді артқа тартатын жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күресуге бар күш-жігерімді саламын.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында көрсетілген мемлекеттің және қоғамның барлық секторларын дамытуды қолдай отырып, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың ауылдық округтерде сапалы орындалуына ықпал етемін. Халықтың жағдайын жақсарту және жұмыспен қамтудың бастауы болып табылатын орта және шағын бизнесті дамытуға, аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсетуге, ауылды гүлдендіруге, көркейтуге атсалысамын. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне өз құқықтарын ешбір кедергісіз пайдалануға жол ашып, қолдау көрсетіп, демеп отырамын. Ауыл жастарымен рухани-патриоттық бағытта жұмыстар жүргізіп, олардың жұмыспен қамтылуын, бос уақытын тиімді өткізуін назарда ұстаймын.

Құрметті сайлаушылар!

Егер маған қолдау білдіріп, дауыс берсеңіздер жергілікті мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, тұрғындардың әлеуеттін арттыруға барымды саламын. Тәуелсіздік тұғырын бекем етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту жолында талмай тер төгіп, ауылды бірге көркейтейік!

 

Қазақстандағы Аналар кеңесі әртүрлі бағыттар мен салаларды қамтитын ауқымды жұмыстарды атқаруда. Осылайша, жыл басынан бері Алматы облысының Аналар кеңесіне 60-тан астам отбасы өтініш білдіріп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жүздеген әйелге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілді.

Өткен демалыста Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Алматы облыстық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында «Мәдениетті ана –  Мәдениетті ұлт» жобасы аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жылға арналған басым бағыттар талқыланды.

Есеп беру бойынша кездесу Түргендегі Абыхан Жексембеков атындағы орта мектебінде өтті. Шараның құрметті қонақтары қатарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи, облыстық «Қоғамдық келісім» орталығының директоры Елбосын Абай, Алматы облыстық «Огни Алатау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Забира Сайдильдина, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Венера Жексембекова, Алматы облысы бойынша медиация кеңесінің төрайымы Ләззат Қобланова, облыстың аудандық және ауылдық Аналар кеңестерінің төрайымдары қатысты.

Бүгінде өз қатарларында түрлі этностар мен кәсіптердің өкілдерін біріктірген мұндай мекемелер ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, балалардың рухани тәрбиесіне, көпбалалы аналардың әлеуметтік дамуына және қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға үлес қосып жатқан өзіндік мектепке айналғаны сөзсіз. Аналар кеңесінің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының жобаларына белсене қатысады, осы арқылы өскелең ұрпақ қазақтың салт-дәстүрін зерттейді. Рухани әлеует пен ұлттық сананы арттыру дегеніміз – өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту, халық мұрасын бағалай білу. Ал мұны оның мәдениетіне, салт-дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне қаныққанда ғана сезінуге болады. «Қазақтану», «Төркіндеу» және тағы басқа жобалардың өскелең ұрпақтың көңілінен шығып келе жатқаны қуантады.

Балалармен жұмыс істеу-мен қатар, біздің басты назарымыз аналардың өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына бағытталған. Аналар кеңестері әлеуметтік және балалар мекемелерімен, оқу орындарымен, мәдениет үйлерімен тығыз және жемісті жұмыс істейді. Көптеген әлеуметтік маңызы бар бастамаларымыз бен жобаларымыз осы серіктестіктің жемісі екені анық.

Осылайша, жыл басынан бері облыстық Аналар кеңесі 696 іс-шара өткізді, оған 52 878 адам қамтылды. Атап айтқанда, жобалар бойынша «Еліне азамат тәрбиеленген отбасы» – 112 іс-шара (7235 адам), «Бақытты ана – бақытты отбасы» – 130 іс-шара (10 108 адам), «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы» – 89 іс-шара (5505 адам), «Жақсылыққа жетелейтін жандар» – 97 іс-шара (6729 адам).

Ал, шынында, бұл бос сандар емес, бұл – еліміздің тағдырын ойлайтын жастар. Жаңа Қазақстан идеясының терең мағынасын түсінетін және қабылдайтын жастардың саны күн сайын артып келе жатқаны қуантады. Бұл біздің жұмысымыз бекер еместігін растайды деген сөз. ҚХА рес-публикалық Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанаи атап өткендей, республика заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға назар аударып, оларды қоғамға жеткізу қажет.

– Аналар кеңестері өз қызметінде әйелдердің құқықтық сауаттылығын арт-тыруға, ата-анасының қам-қорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешуге, ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді жаңғыртуға және түрлі іс-шаралар арқылы берік және тату отбасын насихаттауға көңіл бөледі. Аналар мекемелерінде елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Біздің міндетіміз – жастарды тәрбиелеу ғана емес, болашақ ұрпақты өз құқықтарын білетіндей етіп тәрбиелеу. Құқықтық салада сауатты болса, өзгенің құқығын бұзбайды, – дейді Нәзипа Ыдырысқызы.

Жиынның екінші бөлімінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан белгілі қоғам қайраткері, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, Қазақстан Республи-касының білім беру ісінің үздігі Абыхан Жексембековтің ұрпақтарымен кездесу өтті. Алматы мал-дәрігерлік институтын бітіргеннен кейін А.Жексембеков жергілікті В.Ле-нин атындағы колхозға жұмысқа келеді. 90-жылдардың басында Абыхан Аманбайұлы Түрген ауылының әкімшілігін басқарды. Мемлекеттік қызметте ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін ойдағыдай шешіп, өзін тиімді басқарушы ретінде көрсете білді. Кейін ауыл шаруашылығы саласына бет бұрған Абыхан Жексембеков Алматы облысында астық тұқымын өсіретін алғашқы тұқым шаруашылықтарының бірін құрды. Шаруаның жеке инвестициясымен Түрген ауылында 1994 жылы тұңғыш қазақ мектебі ашылып, бүгінде оның есімімен аталады.

Сонымен қатар, баяндамашылар кәмелетке толмағандар арасында діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балалардың өмірін суицидтен сақтаудың стратегиялары, жастар арасындағы зиянды әдеттердің алдын алу, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік тілді дамыту, отбасылық-демографиялық саясат саласындағы жобалар мен тапсырмаларды іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Кеңейтілген отырыс соңында сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Аналар кеңестерінің қызметі жан-жақты және ауқымды, олардың басты міндеті – ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтар призмасы арқылы отбасы институтын нығайту.

Сонымен қатар, Аналар кеңесі отбасылық және тұрмыстық мәселелерді шешуге, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, мәдениетті сақтауға және патриоттық тәрбие мәсе-лелеріне өз үлесін қосуда.

Әрине, отбасы – адами капиталдың сапасына әсер ететін маңызды әлеуметтік институт. Ол ұлттық мәдени кодты, адамгершілік қағидаларды және отбасылық дәстүрлерді сақтаушы, өйткені адамның көптеген көзқарастары мен ұстанымдары отбасылық ортада тәрбиеленеді. Ал бүгінде Аналар кеңестері бұл мәселеде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Ал, еліміздегі Қазақстан Республикасының отбасы және гендерлік саясат тұжырым-дамасында әке институтын нығайту да қарастырылған. Республиканың әр аймағында Әкелер кеңестері құрылды, олар қазірдің өзінде отбасылық береке-бірлікті сақтауда және бала тәрбиесіндегі ерлердің рөлін арттыруда белсенділік танытты. Жақын арада осындай кеңестер республиканың облыстары мен қалаларында да пайда болады.

 

 

Гүлнар ЖОШЫБАЕВА,

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.

Жеке қабылдауда болған онға жуық тұрғынның мәселелері сан түрлі. Олар қозғаған мәселелердің қатарында тұрғын үй алу, жол, жарықтандыру, кептеліс, табиғи газ тарту және мәдениет үйін салу өтініші бар.

Мәселен, 73 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны облыстық маңызы бар Есік-Саймасай автожолына қатысты мәселе көтерді. Ол туристер мен тұрғындар санының артуына байланысты көлік ағыны артқанын айтты. Күн сайын 2 мыңнан астам көлік қатынайтын магистральда жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Осыған байланысты, Есік-Саймасай автожолын төрт жолаққа дейін кеңейтуге әкімнен ықпал етуін сұрады.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, аталмыш облыстық маңызы бар автомобиль жолының белгілі бір бөлігі күрделі жөндеу жобасы әзірленген.

«Есік-Саймасай автожолының 0-11,82 км бөлігінің жобасы әзірленген. Қазіргі уақытта ведомстводан тыс сараптамадан өтіп жатыр. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін конкурс жарияланатын болады. Болжам бойынша, жөндеу жұмыстары келесі жылдың екінші тоқсанында басталмақ», дейді өңір басшысы.

Ал Талғар ауданының тұрғыны Дүйсенов Ұлдақан газбен қамту мәселесін қозғады.

«Ауданға қарасты 18 мың тұрғыны бар 8 ауылға аса қажетті дүние – газ.  Бірнеше елді мекенде көгілдір отын әлі күнге дейін орнатылмаған. Осы мәселелер тез шешілсе деген өтінішіміз бар», деді Ұлдақан Дүйсенов.

Облыс әкімінің айтуынша, газ тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ал 2024 жылы елді мекенге құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

«Талғар ауданына қарасты Нұра, Қаратоған, Туғанбай, Өстемір, Даулет ауылдары бойынша газ тарату желілерін салу бойынша жобалық сметалық құжаттамалар дайындалып жатыр. 2024 жылы мемлекеттік сараптамадан өң нәтижесі алынып құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Ал Қаратоған және Каменское плато ауылдарына жобалық сметалық құжаттама дайындау қажет, осы мақсатта келесі жылға экономика басқармасына бюджет қаражатын бөлуге  өтінім берілді» деді Марат Сұлтанғазиев.

Қабылдауға келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан, мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды. Аясында, тұрғындар көтерген мәселелердің шешу жолдарын білді.

Айта кету керек, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық партия филиалының қабылдау бөлмесіне келіп түскен ұсыныс-пікір, өтінішін жеткізушілердің сауалдары назардан тыс қалмайды. Мамандар әрбірінің себеп-салдарын жіті зерттеп, шешімін заң талаптарын негізге алып қарастырады.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Мен Якубов Эльдар Ризаевич, 1990 жылы 16 қыркүйекте Алматы облысы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2012 жылы Алматы технологиялық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдадым. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды 2013 жылы Малыбай ауылдық округінің әкімі аппаратында бас маманның міндетін атқарушы болып бастадым. 2013 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың мамырына дейін Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманның міндетін атқарушы болдым. Қазіргі уақытта аталған мекемеде бас маман қызметін атқарамын. Құрметті, Қырбалтабай ауылдық округінің тұрғындары, сіздердің назарларыңызға Қырбалтабай ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Мен округ әкімі аппаратында жұмыс істей жүріп, ауылдардағы ең өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді және ілгері басқан істі де көріп жүрмін. Және барлық түйінді мәселелерді шешіп, жемісті істерді халықтың игілігі үшін одан әрі табысты, мақсатты түрде жалғастыру қажет деп есептеймін. Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талаптілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз шығады. Мен халыққа жақын бол қағидасын ұстана отырып, Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсындым және ауыл мен ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиіс міндеттерді орындауды мақсат етіп отырмын.

– Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және олардың жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

– Жаңа жұмыс орындарын құру; – Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау;

– Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету;

– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасау – менің сайлауалды бағдарламамның басты шарттары.

– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, округтің мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын;

– Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын. Сонымен қатар, округ аумағында туындаған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді де жергілікті жағдайда шешу дәл қазіргі міндет деп санаймын. Президент Жолдауында ауылдың дамуы мен көркеюі үшін маңызды тапсырмалар берді. Округ әкімі ретінде ол міндеттерді орындау, ең бірінші кезекте Қырбалтабай ауылдық округтің тұрақтылығы мен өркендеуіне әкеледі деп санаймын. Және осы мақсатта мемлекеттік қызметте жинақтаған тәжірибемді қолдана отырып, бар күшжігерімді жұмсауға дайынмын. 

Мен Марқалықов Ержан Есдәулетұлы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылдық округі Ақжал ауылында 1977 жылы 29 мамырда дүниеге келдім, ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары, партия мүшесі емеспін.

Құрметті сайлаушылар!

Еңбекшіқазақ ауданы Кырбалтабай ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде өзін-өзі ұсыну жолымен әрекет ету туралы шешім қабылдай отырып, мен ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін барлық күшжігерімді жұмсауға және мемлекеттік қызметте және шаруа қожалығын жүргізу кезеңінде жинақталған барлық дағдыларым мен білімдерімді жұмысқа қолдануға ниеттімін. Менің сайлауалды бағдарламам осы ауылдық округтің тұрғындарын толғандыратын бірқатар мәселелерді шешуді қамтиды, атап айтқанда:

1. Ауылдық округ тұрғындарын қолда бар проблемаларды талқылауға және шешуге кеңінен тарту. Әкім халықтың қалаулысы және халықтың мүддесін ескеруге, қорғауға міндетті!

2. Шаруа қожалығын жүргізу үшін, жайылым үшін, коммерциялық объектілер үшін және Қырбалтабай ауылдық округінің тұрғындары үшін жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін адал және ашық бөлуге қол жеткізілсін. Ауылдық округ бойынша жалған латифундистерден пайдаланылмайтын учаскелерді алу жұмыстарын жүргізетін боламын. Қоғамдық мал жаюға арналған жайылымдық жерлердің ауданын ұлғайту.

3. Ауылдық округ бюджетінің кіріс бөлігі ұлғайтылсын және ауылдық округтің әлеуметтік проблемаларын шешуге және оларды жергілікті қоғамдастықтың келісімі және бақылауымен ғана жұмсауға бөлінетін бюджет қаражатының бөлінуі қамтамасыз етілсін.

4. Цифрлық технологиялардың қарқынды өсуі кезеңінде Қырбалтабай ауылдық округінің ауылдарындағы интернет қосылысының жағдайы қанағаттанарлықсыз болып қалып отыр, ауылдарда қалыпты интернет байланысын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Инвесторларды тарту жолымен.

5. Ауылдарымызды сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау проблемасы әлі күнге дейін шешілмеген. Егер халық маған сенім білдіріп, әкім етіп сайласа, онда біз осы мәселелерді бірге шешіп, халықты қалыпты және үздіксіз электр энергиясымен және ауыз сумен қамтамасыз етеміз. Осы мақсатта жергілікті қоғамдастықпен, сондай-ақ мәслихат депутаттарымен бірлесіп бюджеттен қаражат бөлу, сондай-ақ мемлекеттік жекеменшік әріптестік үшін инвесторлар тарту бойынша жұмыс істеймін. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын жақсарту және жердің тозуына жол бермеу үшін суармалы сумен жабдықтау мәселесін шешу қажет.

6. Балалар – біздің болашағымыз. Біз мұның бәрін жақсы білеміз, бірақ әлі күнге дейін біздің балаларымыз өз жағдайы мен жабдықталуы жағынан өткен ғасырда қалған мектептерде оқиды. Біздің балаларымыздың қалалықтардан қай жері кем? Егер мені әкім етіп сайласа, бірінші кезекте мен біздің мектептер мен балабақшаларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жөндеу мәселелерін шешуге кірісемін, сондай-ақ мектепке дейінгі және орта білім сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында жұмыс істеймін.

7. Азаматтардың қауіпсіздігі осы бағыттағы басты басымдық құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік жөніндегі» жұмыс және адамға және оның мүлкіне қарсы қылмысқа жол бермеу, сондай-ақ ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұйымдастырылатын болады. Бұл үшін көшедегі бақылау камераларын орнату бойынша жұмыс жүргізу қажет, сірә, бұл жұмыс жеке мемлекеттік серіктестіктер арқылы жүргізілетін болады. 8. Азаматтардың әл-ауқаты мен жұмыспен қамтамасыз етілуі – елдің әл-ауқаты. Осы мақсатта инвесторларды тарту және шағын және жеке бизнестің жаңа өндірістерін ашу бойынша жұмыс істеймін. Тезірек шешуді талап ететін басқа да проблемалар бар. Мен осы проблемалардың бәрін білемін, өйткені өмір бойы біздің туған Қырбалтабай ауылдық округінде өмір сүрдім және Сізбен бірге сайлаушыларым, біз барлық мәселелерді шешеміз деп сенемін

Мен, Кульбаев Улан Тоғызбайұлы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылында дүниеге келдім. Қырбалтабай ауылы Ы.Алтынсарин орта мектебінде 11 жыл білім алып, осы мектепті 2007 жылы бітірдім. Мектеп бітіріп 2007-2011 жылы Алматы қаласындағы Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірдім. Мамандығым «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» 2011-2013 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алдым. Мамандығым «АӘД пәні мұғалімі». 2013 жылы көктем айында Қырбалтабай ауылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатына жұмысқа орналастым. 2014 жылынан бері Ы.Алтынсарин мектебінде АӘД пәні мұғалімінің қызметін атқарып келемін. 2021 жылы мектеп жанындағы интернат меңгерушісі қызметін атқарып келемін. Қәзіргі таңда Қырбалтабай ауылында тұрамын. Қырбалтабай ауылында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, ауыл тұрғындарын, округ тұрғындарын жақсы танып, округтің дамуына үлкен үлесімді қосып келемін. Ауылымызда шешімін табуды қажет ететін мәселелер жетерлік. Солардың ішінде, округтегі барлық көшелерді жарықтандыру, Қырбалтабай ауылының көшелерінде ауыз су құбырларына күрделі жұмыстар жүргізу, Екпінді, Ақжал, Шалқар және Қызылқазақ ауылдарында балаларға арналған ойын алаңын жасау, барлық ауылға аялдама қою, шағын спорт алаңдар жұмыстарын жүргізу қажет. Қоқыс төгетін алаңды реттеу жұмыстарын жүргізу. Округте түгелдей электр бағандары мен желілері ауыстырылуын өзіме мақсат қойып отырмын. Екпінді, Ақжал, Шалқар ауылдарының жайылымдық жерлерін мемлекетке қайтаруға жұмыс жасауға өз үлесімді қосуға атсалысамын. Осы бағытта мен алдағы күндері жұмыс жасауды жоспарлап отырмын. Округ халқымен күніге байланыста болып, үнін есту үшін «Ашық әкімдік» Whatsapp мессенжер желісінде өзім тікелей халықтың сұрақтарына жауап беремін. Осы бағытта мен алдағы күндері жұмыс жасайтын боламын. Өз еліме әрқашан да еңбек етуге және қызмет етуге дайынмын. Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

- 2024-2025 жылдың соңына дейін Қырбалтабай қоқыс төгетін орынды ретке келтіремін.

- 2024 ж Қырбалтабай ауылының дренаждық жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін

- 2025 ж Ақжал ауылына су құбырларын жөндеу жұмыстарының келуіне ықпал етемін.

- 2025 ж Ақжал, Шалқар ауылында электр бағандары мен трансформаторлардың ауысу, жөндеу жұмыстарына ықпал етемін.

- 2024-2026 жылы Округімізде кезекпен балаларға арналған ойын алаңын орналастыруға мақсат қойып, ықпал етемін

- Пайдаланылмай жатқан егістік жер телімдері мен жайылымдық жерлерді халыққа қайтаруға өз үлесімді қосамын. Ауылдың бюджеті шектеулі болғандықтан, қосымша инвестицияларды тарту жолдарын іздеу арқылы: Қайнар, Ақжал, Шалқар, Екпінді, Қырбалтабай ауылдарының әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесуге ықпал етіп, жұмыс жүргіземін. - Өзім туылған, өскен ауылға халқымның әл-ауқатын көтеруге, ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және қолайлы етуге, өз үлесімді қосуға уәде беремін!!! Мен əрқашан байланыстамын! Тел / WhatsApp: + 77051000730, +77009742856 Құрметпен, Кульбаев Улан Тогызбаевич

Мен Әжібек Еламан Сапарғалиұлы, 1996 жылы 30 мамырда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2003 жылы Қаратұрық ауылындағы А.Саттаров атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 2012 жылы 9 сыныпты бітіріп, Шелек ауылындағы Т.Кенжебаев атындағы орта мектебіне ауыстым. 2014 жылы мектеп бітіріп, Алматы қаласындағы Алматы технологиялық университетіне «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түстім. 2018 жылы жоғарғы оқу орнын бітірдім. 2019 жылдың 11 ақпанында Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратына бас маман лауазымына қызметке орналасып, қазіргі аталған лауазымда қызмет атқарамын.

Ауыл – еліміздің жүрегі. Сондықтан ауыл тұрмысын жандандырып, тамырына қан жүгірту – бүгінгі күннің басты мәселесі. Бұл мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Ауқымды жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Соларды ары қарай жүйелі жалғастырып, Саймасай ауылдық округін дамыту – менің негізгі мақсатым. Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне қатаң сәйкес келеді. Құрметті Саймасай ауылдық округінің тұрғындары! Менің сайлауалды бағдарламам ауылдық округ тұрғындарын толғандыратын келесі мәселелерді жүзеге асыруды қамтиды:

– «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және олардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ экономикасының белсенді дамуына ықпал ету;

– Шаруа субъектілерінің өнімдерін шығару мен қайта өңдеуін арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларды іске асыру; 

– Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көмек көрсету, халыққа қажетті қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерді қолдауды қамтамасыз ету;

– Жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға ықпал ету, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа жіберу, жастардың бос уақытын ұйымдастыру және мүгедектер мен еңбек ардагерлеріне қамқорлық жасау;

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамытуға жағдай жасау, тұрғындардың әл-ауқаты арттыру мен олардың жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдайларды жасау; – Көшелерді жарықтандыруды дамыту, кентішілік жолдарды жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастыру;

– Ауыл аумағын кешенді абаттандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

– Кәсіпкерлер мен шаруалардың мемлекеттен берілетін көмектерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

– Ауылды рұқсатсыз қоқыс тастайтын жерлерден санитарлық тазалау, тұрғын үйлердің айналасын абаттандыру.

Жергілікті биліктің негізгі басымдығы – адам, оның әл-ауқаты, өзін-өзі жүзеге асыруы, отбасы, денсаулығы, балалары, құқықтары мен бас бостандығының сақталуы болуы тиіс. Мен, Саймасай ауылдық округінің адал, мықты және перспективті болашағы үшін алдыма қойған мақсаттарды орындауда барлық күшім мен білімімді жұмсаймын. Мен тәуелсіз, мықты және көркейген Қазақстанды кемелдендіру бойынша барлығымыз үшін ортақ болып келетін іске өз үлесімді қосуға дайынмын.

Құрметті Қаражота ауылдық округінің сайлаушылары!

Мен, Мақашев Болат Станұлы Алматы облысы Қаражота ауылында дүниеге келдім. Еңбек жолымды 1993 жылы Қаражота ауылындағы «Қызыл-Жиде» қой совхозында ветеринариялық дәрігер болып бастадым. 1996 жылы ҚР Еңбек Министрлігі жанындағы Республикалық Кәсіптік оқыту орталығы фермер қожалығының вет.дәрігері, 1997-2003 ж.ж. «Ошан» ш/қ төрағасы, 2003- 2004 ж.ж. Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық басқармасының Шелек ауылындағы ет-сүт өнімдерінің базарында вет.инспектор, 2005- 2006 ж.ж. Қорам ауылдық округінің вет.инспектор, 2006-2010ж.ж. Қазақстан ауылдық округінің вет. инспекторы қызметін атқардым. 2010 жылы 2 ақпаннан Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істедім. 2010-2023 ж.ж. Қаражота ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқардым. 2023 жылдың қыркүйек айынан Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметіндемін. Қаражота ауылдық округі халқының тұрмыс-тіршілігін жақсы білемін, ауылдың өзекті мәселелерімен жақсы таныспын. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ескілігі, Сарыбұлақ және Ақтоған орта мектептерінің талапқа сай еместігі бәрімізді де толғандырады. Бүгін мен бұл мәселелерді қалай шешу керек екендігін және біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатындығын білемін. Бірақ, ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет.

Маған дауыс беріңіз, мен сайланған жағдайда, жоғарыда баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін бар күшімді саламын! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

– Қаражота ауылдық дәрігерлік амбулаториясының салынуына – Қаражота мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне 

– Сарыбұлақ ауылында жаңа типтік мектептің салынуын жоспарға кіруіне;

– Ақтоған ауылында жаңа типтік мектеп құрылысының жобалық сметалық құжаттарының жасалуына;

– Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Қаражота ауылындағы сумен жабдықтау жүйелерін қайта жасақтау мен салуға;

– Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үйі бар учаскелік полиция бекетін салуға;

– Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеуге күшімді саламын.

– Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске;

Ауылдан шыққан танымал тұлғалардың мəдени-рухани мұрасын насихаттауға үлесімді қосамын. Мен əрқашан байланыстамын! Тел/WhatsApp: + 7 776 299 74 43 Құрметпен, Болат Станұлы Мақашев.

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет