Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясның отырысы басталды. Мемлекет басшысы күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік тұғырын қалап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай алатынымызды жеткізді.
Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Алапат су тасқынының кесірінен мыңдаған адам мал-мүлкінен айырылып, тпабыссыз қалды. Сондықтан мемлекетіміз азаматтарды қолдау үшін нақты шаралар қабылдап жатыр. Қоғам белсенділері және волонтерлар зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек көрсетіп ел бірлігін шыңдады. Болашақта да халқымыздың игілігі үшін бірге жұмыс істейтінімізге сенемін.
Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.