Жұма, 16 Қаңтар 2026 00:20

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне ие болуы оңайлықпен келген жоқ. Еліміз озды, жеріміз жаңғырды, ана тіліміз өз мәртебесін алды. Тәуелсіз еліміз алты құрлыққа жайылған гүлденген елге, жаһандық қауіпсіздіктің алтын белдеуіне айналды. Баға жетпес бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен  келген жоқ. Осы жолда елі, жері үшін, туған халқы үшін атқа қонып, қолына найза ұстап өткен батыр бабаларымыздың ерлігі мәңгі есімізде. Бабалардың өз ұрпақтарына қалдырған аманатына адал болу, оны сақтау – әрбір қазақ азаматына абыройлы, ортақ міндет.

Еліміздің жан-жақты дамып, гүлденуіне септігін тигізген Дінмұхамед Қонаев үш мәрте «Социалистік Еңбек Ері» атанып, сегіз рет «Ленин» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, тағы басқа еліміздің және шетел мемлекеттерінің ордендерімен, медальдары-мен марапатталған. «Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім», – деген екен Д.Қонаев билікте жүрген кезінде. Халықтан үлкен ешкім жоқ. Халық сенімінен шығып, оған адал қызмет ету тек шын адал мұсылманның ғана  қолынан келеді десек, солардың алдыңғы қатарында Д.Қонаев тұрғанын ел-жұрт жақсы біледі.

Кемеңгер тұлғаның тұсында 19 облыс болды. Ол жаңадан 2 облыс құрды: Маңғыстау және Жезқазған. Барлық облыстардың жағдайын жасауға  мүмкіндік берді. Д.Қонаевтың бастамасы бойынша сол кездегі астана –Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, ҚР-ның Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен балабақша саны артып, Оқушылар сарайы, Республика сарайы, Спорт және Мәдениет сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық кітапхана, цирк сарайы тағы басқа спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және теміржол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақ үйлері салынып, қала көркін ашты.  Өзі мемлекет басшылығына келгенде Қазақстан 15 одақтас республикалардың соңындағы 15 орында тұрған болса, еліміздің дамуын аз уақыт ішінде 4 орынға жеткізді.

Д.Қонаев қызмет еткен жылдардың ішінде республикамыздың өндірістік қуаты артты. Басқаша айтқанда Қазақстанда өнеркәсіп 9 есе, ауыл шаруашылығы 6 есе, күрделі құрылыс 8 есе өсті. Ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті, 43 қала пайда болды. Оның ішінде өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Ақтау, Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар көптеп салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды. Д.Қонаевтың арқасында Қазақстанның өнеркәсіп оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғарғы деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың 3\1 бөлігі, қорғасынның 70 пайызынан астамы, мырыштың 40 пайызынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Кемеңгер тұлға металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан аса мемлекетіне таралды.

«Қонаев – ұлттың ары мен намысы! Қонаев – ұлттың рухы мен иманы! Қонаев – қазақтың қанағат мектебі, адалдықтың өлшемі», – деген екен кезінде әлемдік деңгейдегі саясаткер Джавахарлал Неру. Әр кезеңдегі мемлекет басшылары тарихта түрлі атпен қалып жатады. Ал Д.Қонаев көзі тірісінде халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, қарапайым малшыдан бастап, саяси қызметкерлерге дейін сыйласымдылық тепе-теңдігін ұстаған, ішкі мәдениетімен айналасына шуағын шашып тұратын жан болғандығын, көпшілік аңыз ғып әлі айтып келеді. Дара тұлға Министрлер кеңесінің төрағасы болғанда, еш күзетсіз жұмысына жаяу баратындығын, осы қызметте жүргенде академиктік атағы үшін төленетін 340 сом шамасындағы ақыдан бас тартып, оны балалар мен жас ғалымдарға көмектесу мақсатында арнайы жұмсаған. Осындай кеңпейілділігі үшін оған деген көпшіліктің сүйіспеншілігі арта түсті. 1993 жылдың 22 тамызында қайраткер дүниеден өткенде, онымен қоштасуға келген халықта есеп болмады. Опера театрынан Кеңсай зиратына дейін жолдың екі жағы адамға толып, халқының сүйікті перзентін соңғы сапарға шығарып салды. Ол – артына өшпейтұғын, өлмейтұғын іс қалдырған ірі тұлға. Ол әрқашан халықпен бірге жасайды. Республика облыстарында ұлы тұлғаның есккерткішітері бар, есімі қала, көше аттарына берілгенімен қоса, оның есімі халқының жүрегінде мәңгі сақталатыны сөзсіз. Бұрынғы салынған Қапшағай қаласын Президент Қ.Тоқаев бастаған жалпы халықтың өтініш-тілектері бойынша Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы болып аталды. Мұның өзі тарихи тұлғаға қазақ елінің ерекше көрсеткен құрметі.                            

 

Әсет АЛЖАНБАЙ,

ардагер оқытушы  ұстаз

 запастағы капитан.

Оқылды 374 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет