Бейсенбі, 19 Ақпан 2026 10:28

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай – сабыр мен шүкіршілікке, рухани тазару мен ізгі амалдарға үндейтін ерекше кезең.

Рамазан – Құран Кәрім түскен, Алланың рақымы мен кешірімі молынан нәсіп болатын ай. Бұл айда парыз етілген ораза – исламның бес парызының бірі әрі пендені тақуалыққа жетелейтін ұлы ғибадат (Бақара сүресінің 183-185 аяттары). Ораза ұстау тек таңнан кешке дейін ішіп-жеуден тыйылу емес. Ол – нәпсіні тәрбиелеу, жүректі тазарту, сабыр мен шүкірді арттыру. Рамазан айында мүмін адам тілін ғайбат пен өсектен, көзін харамнан, жүрегін жаман ойдан сақтауға ұмтылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазан айында шынайы иманмен және сауабын Алладан үміт етіп ораза ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі», – деген. Кешірім жасау, мұқтажға көмек көрсету, құран хатым ету, пітір садақа беру сияқты сауапты амалдар орындалады.

Қазақ халқы үшін Рамазан айы ежелден береке мен бірліктің, өзара сыйластықтың айы болған. Дәстүрлі ислам құндылықтары ұлттық салт-санамен үйлесім тауып, қоғамда татулық пен түсіністікті нығайтуға қызмет етіп келеді.

Алла Тағала ұстаған оразаларымызды, жасаған игі амалдарымызды қабыл етіп, Рамазан айын баршамыз үшін рухани жаңару мен берекенің айы етсін.

Н.КУШИМБАЕВ,

Саймасай ауылы UAIS

мешітінің имамы.

Оқылды 35 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ислам ізгілікке үндейді

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет