Еңбек адамының мәртебесін арттыруды негізгі басымдық еткен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, жұмысшы мамандық иелеріне жағдай жасау қажеттігін тапсырды. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен аграрлық сала мамандарының елдің дамуына қосатын үлестері зор, олардың еңбегі әрқашан марапатқа лайық. Қашан да электрші, дәнекерлеуші, құрылысшы, механизатор, аспаз, технолог, агроном сияқты мамандық иелері – қоғамның тірегі. Осы орайда Ақтоған ауылының құрметті азаматы, 1990 жылдары бас агроном болған Божбанов Наурызбай Абдықадырұлының еңбек жолы туралы сөз болмақ. Наурызбай Божбанов 1953 жылдың…