Жұма, 14 Қараша 2025 17:37

Аграрлық саланың ардақты тұлғасы

Еңбек адамының мәртебесін арттыруды негізгі басымдық еткен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, жұмысшы мамандық иелеріне жағдай жасау қажеттігін тапсырды.

Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен аграрлық сала мамандарының елдің дамуына қосатын үлестері зор, олардың еңбегі әрқашан марапатқа лайық. Қашан да электрші, дәнекерлеуші, құрылысшы, механизатор, аспаз, технолог, агроном сияқты мамандық иелері – қоғамның тірегі.

Осы орайда Ақтоған ауылының құрметті азаматы, 1990 жылдары бас агроном болған Божбанов Наурызбай Абдықадырұлының еңбек жолы туралы сөз болмақ.

 

Наурызбай Божбанов 1953 жылдың көктемнің шуақты күні, 15 наурызда дүниеге келген. Әке-шешесінің тәрбиесін алып, үй шаруашылығына көмектесіп өседі. Мектепті бітіргеннен кейін 1971-1976 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында білім алады. Институтты тәмамдаған соң  еңбек жолын 1976 жылы Талдықорғандағы Киров атындағы Көксу ауылындағы өсімдік қорғау станциясында  агроном болып бастайды.

1977-1978 жылдары  Қаратал ауданының өсімдік қорғау станциясында бас агроном болып қызмет етеді. Кейіннен Қапалға үйінен қатынап жұмыс істеген. 1978 жылдың көктемінде қазіргі Еңбекшіқазақ ауданындағы Сарыбұлақ, бұрындары Куликовка аталған ауылға агроном болып тағайындалады. 1979 жылы Куликовкадан жеке бөлініп шыққан Қызыл-жиде ауылында 8 жылға жуық қызмет жасап,  Кәсіподақ ұйымында рабочком болды. Кейіннен парторог қызметіне ауысып,  1990  жылдан бастап ауылда агроном болып еңбек жолын  жалғастырады.

Наурызбай Абдықадырұлы 30 жылға жуық  ауыл шаруашылығы саласында тынбай еңбек етті. 1994 жылдары ауыл шаруашылығы жүйесі өзгерістерге ұшырап, колхоз және совхоздар тарай бастаған кезеңде де мамандар тәжірибесін жоғалтпай, шаруашылықты сақтап қалуға үлкен еңбек сіңірді.

1990-2003 жылдары  колхоз және совхоздардың  соңғы кезеңіне дейін қызмет атқарып, 2003 жылдан бастап жеке шаруа қожалығын құрып,  бау-бақша өнімдерін өндірумен айналысты.

Ауылда оның жанында бірге қызмет еткен әріптестерінің  қатарында  механизатор Бексұлтан Қосаев, кадр бөлімінің маманы Жүрсін, мәдениет үйінің меңгерушісі Камал, мал дәрігері болған марқұм Керімбай ақсақал, Ережет, Хадан, мал шаруашылығы бухгалтері Гуля Сарсенбекова сияқты замандастары да ел экономикасын өркендету жолында ауыл шаруашылығында жұмылып, бірлесіп қызмет атқарды. Барлығының басын қосатын «контор» ауылдың алтын ұясындай еді. Қазіргі күні аты аталған азаматтар  бейнетінің зейнетін көріп отырған, ақ жаулықты әжелер мен қадірлі қариялар.

Наурызбай Абдықадырұлы жұмыс барысында топырақтың құнарлығына көңіл бөліп, астықтың бітік шығуына, сондай-ақ жүгері мен бидайдың сапасын арттыруға, техниканың тілін білетін механизаторлар мен тракторшыларға басшы бола білді. Көктемде егіс науқаны қарсаңында жер жыртып, тұқым дайындау,  егіс жұмыстарына дайындық кезеңдерінің қиындықтарына  қарамай еңбек етті.  Ал күзде шаруалардың күнделікті нанының қайнар көзі болып отырған қажырлы еңбегінің есебі алынатын уақыт еді.

Әпкесі Асылхан Қосаева ауыл фельдшері болып, алақандай медпунктте 30 жылдан аса уақыт еңбек етті. Дерт дендеп, жанымызға шипа  іздегенде дәрігерлерге жүгінеріміз анық. Мұндайда ажалға араша болатын ақ халатты абзал жандардың да еңбегі орасан. Ауыл балалары мен тұрғындарының денсаулығына жауапты маман бола білді.

Наурызбай Божбанов өзінің бүкіл саналы ғұмырын ауыл шаруашылығының дамуына арнаған, елге адал қызмет еткен ұлағатты азамат. Қазіргі уақытта ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерінің қызығын көріп отырған ақсақал. Оның  еңбек жолы – жауапкершіліктің, табандылықтың, кәсіби біліктіліктің жарқын үлгісі. Ақтоған ауылы өңірінің  өркендеуіне қосқан үлесі мен еткен еңбегі бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болып қала бермек.

 

Бағлан Божбанова,

тарихшы, тарих ғылымдарының магистрі

Оқылды 1494 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Алау мінез Алханбек

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет