Бейсенбі, 17 Сәуір 2025 14:16

Батыр патриот

Биылғы жылы Қазақ Республикасы құрамында болған Кеңес Одағының фашистік Германияны  жеңгеніне 80 жыл толуына

байланысты мерейлі шараларға дайындық жүріп жатыр.Айтулы шаралар қатарында

ауданымызда  туып-өскен, тұрағын

ауыстырып немесе қызмет бабымен тұрғын болған азаматтар Ұлы Отан соғысына қатысып, жарақты жауды жеңуге күш-қуатын, қаны мен жанын аямай айқасты. Біздің үлкен бір аумақ  болып біріккен Еңбекшіқазақ, Шелек ауданынан 14 Кеңес Одағының Батыры шыққан екен. Оның  ішінде «Слава» орденінің толық кавалерлері де бар. Биыл шыға бастағанына 95 жыл толатын «Еңбекшіқазақ» газетінің

(бұрынғы аты – «Үлгілі колхоз») 1953 жылғы кезекті санында жерлесіміз Рақымжан Тоқатаевтың бір шайқаста 13 жыланбауыр танк және бронетранспортерлерін отқа орап,  жолын бөгеген  ерлігі  жайлы  мақала жарияланған екен. Көп жылдан бері осы ерлік туралы  газетіміз үзбей жариялап келе жатса да жетпіс екі жыл бұрын басылған мақаланы айна-қатесіз, тіпті түзетпей оқырманға ұсынуды  жөн көрдік.

 

Газет редакциясы. 

 

Фашистік Германияның Гитлер бастаған жыртқыш басқыншылары елімізге тұтқыйылдан шабуыл жасап, совет халқын қырғын соғысқа  кіріптар етті.

Сол ауыр күндерде ауданы-мыздың Киров атындағы колхозында туған Рақымжан Тоқатаевта Отанымызды қорғауға аттанған еді. Жас жауынгер,  батыл ержүрек жігіт Совет Армиясының жауынгерлерімен бірге жауды өз жеріне дейін қуып, айуанды өз үңгірінде қыйратуға қатысты. Ол талай кескілескен ауыр  ұрыстарда жауды аяусыз жойып отырды.

Рахымжан соғыста артиллерияда қызмет етті. Оның зеңбірегі мүлтіксіз атып, неміс әскерлерінің  қорғаныс шебін, танкілерін күл-талқан етіп отырады.

Р.Тоқатаев соғыстағы ерлік істерінің бір кезеңін былай еске алады:

«1945 жылғы апрельдің 9 күні. Одер өзеніне шабуыл жасап жатқан кез. Немістер құтыра қарсыласуда. Жол торабындағы помещик үйін қайтарып алу мақсатымен немістер көп әскер мен 38 танк және бронетранспортер жіберді. Жау күші қаптап келе жатқанда батарея командирі Кузьменков  Тоқатаевтардың  зеңбірегіне жүгіріп келіп:

– Жігіттер, әрбір секунд  қымбат. 15 снаряд қалды. Дәл атыңдар! – деді».

Танкілер зеңбірек тұрған жерді орап өтіп, орманның шетіне келіп аялдады. Осыны пайдаланып наводчик  Рақым-жан Тоқатаев  ең жақын танкіні  көздеп атып қалды. Қорқып сасқалақтауды білмейтін, бір снаряды босқа кетіп көрмеген атақты зеңбірекшінің бұл жол-ғы мезгеуі де дәл тиді. Жау машинасы лап етіп өртеніп кетті. Рақымжан бір минутты бос жібермей зеңбіректі екінші танкіге бұрды. Бір снарядпен оны да жоқ қылды. Келесі минутта үшінші танк өртенді.

Бұл кезде жау  танкілері қайдан атылып жатқанын біле алмай, орманға қарай жосып жүріп берді. Тоқатаев зең-біректі бұрып, ең алдыңғы танкіні атып қалды. Асқан мерген зеңбірекші  бірден танкіні өртеді де екінші танкіні атты. Ержүрек  жауынгер,  тәжірибелі зеңбірекші мұны да қыйратты.

Алдыңғы танкі де, артқы танкі де өртеніп жатты. Жау-дың ортадағы  машиналары ұйытқый бастады. Тезірек  бұрылып, кейін қашуға тырысты. Оны жақсы түсінген  Рақымжан  бір минутын бос жібермей, бұрыла бастаған танкілерді бүйірден соқты. Машиналар  бірінен соң бірі қыйрай берді.

Осылай 40-50 минуттың ішінде қазақ халқының ер ұлы, зеңбірекші Рақымжан Тоқатаев  9 танк, 4 бронетранспортерді өртеп, жаудың шабылуын тойтарды.

Батырдың бұл ісі жоғары бағаланды. ССРО Жоғары  Советінің Президиуымы Рақымжан Тоқатаевқа  «Совет  Одағының Батыры» атағын берді.

Рақымжан  жауды  жеңіп туған еліне қайтты. Ол Алматыдағы педагогикалық инс-титутың физика-математика факультетін табыспен бітіріп шықты. 1950-1951 оқу жылынан бері Есіктегі Молотов атындағы қазақ орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді.

Тоқатаев жастарға терең білім беру, оларды Отанын сүюшілікке, ерлік іске үйрету ісін ең бірінші мақсатым деп біледі. Ол сабақтан тыс  уақытын  оқу-шыларға техниканы үйрету ісіне жұмсайды. Сондықтан да физика, фотолюбительдер үйірмелерін ұйымдастырып, оны өзі басқарады.

Батыр жауынгер, қажырлы патриоттың соғыстағы, оқудағы және қызметтегі істері түгел жастарға үлгі бола алады.

 

Қ.ДӘУЛЕТОВ.

«Үлгілі колхоз» (Бүгінгі «Еңбекшіқазақ» №31 (1907) 12.05.1953.)

Оқылды 3809 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Память зависит от ныне живущих… Батан деген кім? »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет