Бейсенбі, 04 Желтоқсан 2025 15:21

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және түрлері

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен әділдігіне тікелей қауіп төндіретін әлеуметтік-құқықтық құбылыс. Ол мемлекеттік билікке деген сенімді әлсіретіп, экономикалық өсімге, құқықтық мәдениетке және қоғамның жалпы әл-ауқатына кері әсер етеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықты түсіну, оның түрлерін анықтау және алдын алу механизмдерін жетілдіру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

      Сыбайлас жемқорлық түсінігі: сыбайлас жемқорлық – лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік өкілеттіктерін жеке басының, өзге тұлғалардың немесе топтың пайдасы үшін заңсыз пайдалануы.  Бұл әрекетке пара беру, пара алу, қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану, шешім қабылдауға ықпал етуді сату сияқты заңмен тыйым салынған іс-әрекеттер жатады.

      Сыбайлас жемқорлықтың негізгі белгілері:

  • жеке немесе топтық мүддені көздеу;
  • лауазымдық өкілеттіктерді заңсыз пайдалану;
  • қоғам мен мемлекет мүддесіне зиян келтіру;

     -    құпиялылық және жасырын мәмілелермен жүзеге асуы.

         Сыбайлас жемқорлық әртүрлі нысандарда көрініс табады. Жалпы алғанда, оны бірнеше негізгі түрге бөлуге болады:

      Парақорлық - пара беру және пара алу – сыбайлас жемқорлықтың ең кең таралған түрі. Мұнда ақша, мүлік, қызмет көрсету, материалдық игілік немесе өзге де пайда көрсету арқылы лауазымды тұлғаның шешіміне ықпал ету көзделеді.

    Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану - лауазымды адамның өзінің қызметтік міндеттерін жеке мүдде үшін, заңға қайшы түрде пайдаланып, өзіне немесе үшінші тұлғаға артықшылық жасауы.

    Беделді тұлғалардың ықпалын заңсыз пайдалану (траффик влияния) лауазымды тұлғаның қызметтік байланыстарын, беделін немесе мүмкіндіктерін басқа тұлғаларға заңсыз пайда алу үшін қолдануы.

     Ресурстарды, мемлекеттік мүлікті заңсыз иелену және талан-таражға салу - бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау, мемлекеттік мүлікті жекеге заңсыз беру, жалған есептер жасау сияқты әрекеттер жатады.

     Бюрократиялық сыбайлас жемқорлық -қызмет көрсету үшін негізсіз кедергілер жасау, процесті әдейі созу, құжаттарды «жылжыту» үшін бейресми талаптар қою.

    Туыстық немесе топтық сыбайластық (непотизм, фаворитизм)- туыстық, таныстық, жерлестік немесе өзге де бейресми байланыстар арқылы лауазымға тағайындау, жеңілдік беру, артықшылық жасау.

     Сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары көпжақты болып келеді:

  • мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетеді;
  • экономикалық шығындарға және бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына әкеледі;
  • азаматтардың билікке деген сенімін әлсіретеді;
  • әлеуметтік әділдікке нұқсан келтіреді;
  • инвестициялық климатты нашарлатады.

     

     Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағытта құқықтық базаны жетілдіру, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, алдын алу шараларын күшейту, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру – маңызды факторлар.

      Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою тек құқықтық механизмдер арқылы емес, қоғамда адалдық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру арқылы жүзеге асады.

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысы М.Азербаев

 

Оқылды 613 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет