Бейсенбі, 04 Желтоқсан 2025 15:20

Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы не білу керек

Пиротехникалық бұйымдарды  (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер жасайтын құрылғылар) дұрыс пайдаланылған кезде қызықты және әсерлі болуы мүмкін, бірақ оларды дұрыс қолданбау немесе қауіпсіздік талаптарын бұзу апаттарға, өрттерге және жарақаттарға әкелуі мүмкін.

       Пиротехниканың негізін жанғыш заттар құрайды, бұл құрамдар тез тұтанады және тез жанады.  Бұл төмен қуатты жарылғыш заттар, сондықтан сіз ойлағандай мүлдем қауіпсіз емес.  Бірақ көп жағдайда жазатайым оқиғалар отшашулар мен салюттерді пайдаланудың қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамау нәтижесінде орын алады.  Өнімнің қолда не болмаса адамнан жақын жерде жарылуы өлімге әкелмейді, бірақ ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.

       Осының алдын алу мақсатында төмендегідей қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаған жөн:

-Кәмелекте толмаған балаларға жарылғыш заттарды өз бетімен қолдануына жол бермеуді;

-Отшашулар мен пиротехникалық бұйымдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтап,  өнімді қалтаға салып алып жүрмеуді;

-Егер өнім тұтанбай не ұшпай қалса оның себебін бірден анықтамай, 10 минуттай күтіп, содан кейін сумен мұқият құйып, қоқысқа тастаңыз.

- Пиротехникалық бұйымдарды  қолдану кезінде оларды мейлінше алшақ ұстауды;

- Пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы белгіленген орындарда және оқшауланған жерлерде қолдануды. Қатты жел, жауын-шашын немесе басқа да ауа райы жағдайларында пиротехниканы қолданбауды;

 - Пиротехникалық бұйымдар жоғары температурамен жұмыс істейтіндіктен, оларды өртке қарсы қауіпсіздік шаралары бар жерлерде пайдалану қажет.

  - Пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде алғашқы көмек көрсету құралдары (су, құм, өрт сөндіргіш құралдар) қол жетімді жерде болу керек.

- Пиротехникалық өнімдерді тек білікті мамандар немесе заңды тұлғалар қолдануы тиіс.  Олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы дайындықтан өтуі керек.

Пиротехникалық өнімнің сапасына қойлатын талаптарды назарда ұстаңыз:

- Пиротехникалық бұйымдар тек сертификатталған және осы өнім түрлеріне қойылатын арнайы стандарттарға сай болуы керек. Бұл пиротехникалық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндігіне кепілдік береді.

- Әрбір пиротехникалық бұйымға мемлекеттік немес орыс тілде жазылған арнайы қолдану нұсқаулығы мен қауіпсіздік ережелері қоса беріледі. Бұл нұсқаулықтарды оқып, талаптарды орындау өте маңызды.

    Жалпы, пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі және жазатайым оқиғалардың алдын алады.

   Қарапайым ережелерді сақтай отырып, мерекелерді көңілді және қауіпсіз өткузіге болады.

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ басшысы М.Азербаев

 

 

Оқылды 550 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет