Сәрсенбі, 10 Желтоқсан 2025 15:22

Моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы

  Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше назар аудару керек. Не себепті? Шын мәнінде, монша – бұл ылғалдылығы жоғары орын, онда үй-жайларды күтіп ұстау талаптары бұзылған кезде, желдету жүйесінің тиімді жұмысы болмаған кезде, жоғары ылғалдылық жағдайында әртүрлі микроорганизмдер таралып, мұның бәрі моншаға келушілердің денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

        Моншаны, саунаны дұрыс пайдалану үшін, ең алдымен бассейнге, шомылу бөлмесіне кірер алдында себезгіде (душ) жуыну және резеңке аяқ киімнің болуы сияқты шараларын сақтау қажет. Себезгінің ылғалды жағдайлары, шомылу бөлмесіндегі жоғары температура мен ылғалдылық саңырауқұлақ ауруларының дамуына ықпал етуі мүмкін. Моншада жалаң аяқ жүрсеңіз, саңырауқұлақ аурулары тез таралады, сондықтан резеңке аяқ киім қолдану ұсынылады.
       Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес моншалар мен сауналар үшін ауаны рециркуляцияламай, ағындық желдеткішпен біріктірілген ауаны жылумен жабдықтау құрылғысына рұқсат етіледі, ағынды-сорғылы желдету жүйесі қарастырылған. Ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында шомылатын үй-жайларда термометр орнатылады.

      Моншалар мен сауналарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған жиһаз орналастырылады. Шешінетін және себезгі қабылдайтын бөлмелерде резеңке төсеніштер пайдаланылады. Ағаш баспалдақтар қолданылмайды. Жуынуға жоғарғы температураға төзімді, жууға және өңдеуге оңай ыдыстар қолданылады, сонымен қатар жеке қолдануға арналған таза және құрғақ жабдықтар (төсек жайма, сүлгілер) қолданылады. Таза киімдер қолданылған киімдерден бөлек сақталады. Моншалар мен сауналардың үй-жайлары таза ұсталуы қажет.
       Жуынуға қолданылған лас судың тұралап, бітеліп қалуын және жиналуын болдырмау үшін субұрғыш траптарына мезгіл-мезгіл тазалау жүргізілуі тиіс.       Жуынатын залдарда едендерді тазалау және жуу күнделікті және қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады. Әр келушіден кейін резеңке аяқ киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялық құралдармен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған ыдыстар бөлінеді. Дезинфекциядан кейін аяқ киім жуылады және кептіріледі. Жуынатын ыдыстарды өңдеу үшін дезинфекциялық ерітінділері бар ыдыстар, тазалау құралдары, щеткалар, шүберектер қолданылады. Жуынатын ыдыстар дезинфекциялық ерітіндіге толық батыру арқылы дезинфекцияланады және сумен жуылады. Күн сайын жұмыс уақты аяқталып, нысан жабылғаннан кейін үй-жайларды, құралдар мен жабдықтарды жинау, жуу және дезинфекциялау жүргізіледі.

      Шомылатын бөлмелерді қоспағанда, моншалар мен сауналардың үй-жайлары қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз етілу қажет. Моншалар мен сауналардың жуынатын және себезгі қабылдайтын бөлмелерінде кір жууға және кептіруге, моншаларды пайдалануға қатысы жоқ киімдер мен заттарды сақтауға тыйым салынады.
      Жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында үй-жайлардағы ақаулар (сынған қаптау плиткалары, линолеум, жабындар мен жабдықтардың тұтастығының бұзылуы) уақтылы аусытырылып не болмаса қалпына келтірілуі керек.
      Бұл ережелер моншаға бару кезінде адамның денсаулығына зиян тигізбеуі үшін орындалуы қажет.

       Моншаға баруды ұнататын, әсіресе жеке моншасы бар адамдарға барлық бөлмелерді үнемі тазалап, жуып, дезинфекциялап, сондай-ақ мезгіл-мезгіл бітеліп қалуы мүмкін кәріз ағындарын тазарту, моншаны желдетіп отыру қажет екенін еске саламыз.
       Моншалар мен сауналарға барған кезде жеке гигиена ережелері сақталуы керек!

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

 

Оқылды 30 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет